19 жасымда тұрмысқа шыққанмын.Қазір 38- жастамын.Құдай берген екі балам бар.Күйеуім бар. Бала болдым ба,отбасылық өмірдің мәнін түсінбедім бе,екі бала туғасын 24 –жасымда ажырасып кеттім.Соның өзінде ол келіп,кетіп жүрді.Бір байқағаным арамыз суып кеткесін,қайта отбасы болып кету қиын екен.
Оған себеп,жолдасымның ішкі істер бөлімінде істейтіні.Олардың барлығы демей –ақ қояйын,көбісі жүргіш болады.Күйеуім де солай,нөмері бірінші жүргіш болды.Тапқанын қолыма ұстатқан емес.Өзі қыдырып құртады.Қызым екеуміз аштан –аш үйде жатамыз.Өзім ұлыма аяғым ауыр.Бір күні досы келіп тұр. «Үй керек ,әйелімнің туған күні еді,құрбысы келіпті жігітімен» деп.Мен әрине «жоқ» дедім.Бірақ ол кеткесін,күйеуім келіп :«Бере салмайсың ба?Нең кетеді?Өзің қызыңды алып құрбыңның үйіне бар.Мен түнгі сменада боламын»-деді...
Үйімді тастап, қызым қолымда,ұлым ішімде,құрбымның үйіне бардым.Бірақ,түнде дым ұйықтай алмадым.Таң атар- атпас үйге келдім.Қызымды құрбыма қалдырып кеттім.Сол күні келмей –ақ қоюым керек еді деймін осы күнге дейін...
Көзім не көрді десейші?! Есік жабылмаған.Үйге кірсем төрт жұп аяқ киім.Жүрегім аузыма тығылып барады.Залдың есігін ашып қалсам,менің күйеуім жерге төсек салып ап,бір қатынды құшақтап жат ыр.Анау досы диванда бір әйелмен жатыр.Жатын бөлмеге жатпапты әйтеуір...
Содан депрессияға түсіп,біраз уақытқа дейін ауырдым.Еркек біткенге сенімсіздік болды.Тіпті еркектерге жиіркене қарайтын болдым.Бірақ...уақыт емші екен.Арадан біраз уақыт өтіп,ойлана бастадым.Тұрмысқа шығуым керек екенін түсіндім.Қазіргі жолдасым, Аллаға шүкір жақсы адам.Қыз қырқынға қызықпайды да.Тек мен болсам болды қасында.Ал жүрегімдегі жара бәрі –бір қалып қойды.Арасында еске түскенде сыздап кетеді...