Бірқатар мамандар жұбайлардың жас айырмашылығының кейбір ерекшеліктері бар деген пікірде. Қызық" Клубер"ден аударып беруді жөн көрдік. Сонымен:

  Жұбайлар жасты болса
Мұндай некеде тұрмыстық қарым-қатынас берік орнайды. Ерлі-зайыптылардың жеке тұлға ретінде өз-өздерін шыңдауы, дамытуы кешеуілдейді.


 1 жас айырмашылық

Мұндай отбасыларды әйел жетекші рөлге шығады. Дегенмен ол үшін біршама уақыт керек.
 
2 жас айырмашылық
Мұндай отбасыларды ақшаның берекесі болмайды. Табыс жоғары болса да ақша судай кете береді. Қарым-қатынас эмоцияға құрылатындықтан, жарқын күндері ұмытылмас естеліктер сыйлап, қара бұл үйірілгенде ажырасуға дейін әкелуі мүмкін.
 
3, 6 және 9 жас айырмашылық
Ерлі-зайыптылардың өмірге деген көзқарасы екі түрлі, мүлде бөлек болып келеді. Сол себепті де қайшылықтар мен түсініспеушіліктер көп орын алады.
 
4 жас айырмашылық
Рухани және интимдік үйлесімділік болады. Бұл тұрақты әрі ұзақ қарым-қатынастың орнығуына кепіл. Ерлі-зайыптылар ажырасқан күннің өзінде де дос болып қалады.
 
5, 10 және 15 жас айырмашылық

Қарым-қатынас жайлы болады. Егер кәсіби және шығармашылық қызметтері бір болса тіпті сәтті болмақ.
 
7 және 14 жас айырмашылық
Некелер көбіне сәтсіз болады. Шынайылық жоққа тән. Ерлі-зайыптылар өз кемшіліктерін бір-бірінен жасыруға тырысады.  Дегенмен, ажырасу фактілері ілуде біреу.
 
 8 жас айырмашылық
Бұл ғашықтар үшін ең сәтті сан. Мұндай жас айырмашылығы бар некелер кез келген сынақтан өтеді. Ерлі-зайыптылар бір-бірін жақсы түсінеді, сүйеді. Қарым-қатынаста нәзіктік пен жарасымды үйлесім болады.
 
 11 жас айырмашылық
Шатпа-шұт ұрысуы да, татуласуы да тез. Ажырасып, қайта қосылып жататындары көп.
 
 12 жас айырмашылық
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы қиын, бірақ қызықты. Мұндай некені тыныштықты қалайтын ерлі-зайыптылар ғана сақтап қала алады. Шуақты күндері бұлардан асқан бақытты жұп болмайды.
 
13 жас айырмашылық
Мұндай адамдарды рухани жақындық ұстап тұрады. Бірі өз ісінің асқан шебері болса, екіншісі соған серік болмақ.
 
16 жас айырмашылық

Сирек кездесетін, бірақ бақытты некелер. 4 және 8 жас айырмашылығы барлардан да бақыттырақ болады.
 
Көріп отырғандарыңыздай астрологтар 16 жасқа дейінгі жас айырмашылығына талдау жасаған. Ал, 20, 30, 40 жас айырмашылық болса ше? Психологтар мұндай некелердің сәтті, сәтсіздігіне талдау жүргізіп,  тұжырым жасаған. Сонымен
 
 

Ері көп кіші, әйелі бірнеше жас үлкен болса
 
 Интим
Бастапқыда толықтай үйлесім болады. Әйелдің интимнің қыр-сырына қаныққан, тәжірибелі шағы. Қалауын айта алады. Егер өз-өзіне күтім жасап, ерін таң қалдырудан жалықпаса үйлесім ұзаққа созылады. Егер әйел өз-өзіне қарауды қойса ерінің жас иіс іздеп кетері анық.
  
Денсаулық
Ері жас болса әйелдің денсаулығы мығым, энергиясы көп болуы қажет. Денсаулығы сыр берген келіншек кәрі көрінеді. Мұндай жағдайда ол ерінің тек қамқор анасы сияқты болып қалады.
 
Достар
Бұл ерлі-зайыптылардың екеуіне де қиын мәселе. Әйелдің құрбылары жас күйеуін көп түртпектесе, ерлердің ортасында келіншектің жасы келіп қалғандығы бірден көзге ұрып тұратын болады. Және мұндай кештерде жас бәсекелес қыз-келіншектер көп болатындықтан жиі бармаған жөн.
 
Туысқандар
Қай елде болса да туған-туыс жасы үлкен келіндерді жақтыра қоймайды. Ал егер ерлі-зайыптылар өздерінің бір-бірі үшін жаралғандарын көрсетіп, жақсы түсінісетіндерін дәлелдесе, ортақ бала сүйсе туған-туыс та оларды қабылдайды.
 
Мұрагерлер
Жас жігіттер келісті келіншектің қасында бала болмай, үлкен көрінгісі келсе бала сүюге асығады. Әкелік міндетіне де жауапкершілікпен қарайды. Ал егер әйелдің бірінші некесінен балалары болса жағдай қиындау. Ол балалар шешелерінің жас күйеуін қабылдай қоймайды.
 
Ақша
Тұлға ретінде қалыптасқан қалталы келіншектің жалаң аяқ, жалаң бұт жас жігітпен көңіл қосуы екіталай. Десе де, көп жағдайда жас жігіттер жасы келген келіншекпен қаржылық-материалдық жағдай үшін отбасын құрып жатады. Ақша таусылғанда махаббат та өшпек.
 
Мәміле
Кез келген некеге мәміле, белгілі бір келісім, түсіністік қажет. Әйелі егде, ері жас болса, әйелдің жас жолдасының көп іс-әрекетіне көз жұма қарауына тура келеді. Ал ері әйелінің қызғаншақтығы мен таусылмайтын күмән-күдігін көтеруіне тура келеді.
 
 

Ері егде, келіншегі жас болса
 
Интим
Ер адамның интимдік белсенділігі қайтқан. Алып ұшқан көңіл мен қызу құшақ сирек. Егер ол спортпен шұғылданатын және табиғатынан қызуқанды, энергиясы мол азамат болса бастапқыда бұл мәселеде қиындық болмайды. Уақыт өте келе, жас келіншек құлпырып, ері қартая береді. Ал келіншектің көзіне құрбыларының жас күйеулері оттай басылады. Бұл мәселені шешу үшін егде күйеу келіншегінің жеңіл жүрісіне (кейде ашық, кейде білмей) көз жұма қарайды. Яки келіншегі бейсауыт қыдырмас үшін бірнеше бала таптырып, үйде отырғызуға тура келеді.
  
Денсаулық
Егер ер адам өзіне көңіл бөлетін болса қартайғанша денсаулығын мығым сақтауға болады.
 
Достар
Ерінің достарының тарапынан жас келіншекке деген көзқарас жақсы болмақ. Ер азаматтың өзі де қасында күндей жайнап, гүлдей құлпырып жүрген жас келіншектің жүргенін мерей көреді. Ал, жас келіншектің құрбылары ерінің егделігін есіне түсіріп, отқа май құюы мүмкін. Сондықтан ер адам келіншегіне өзі қатарлас құрбыларының келгеніне шектеу қоймағанымен, жас жігіттерді ертіп келмеуін ескеруі тиіс.
 
Туысқандар
Ер адамның туған-туысы жас келіншекті бала көріп, жақсы қабылдайды. Керісінше, жас қыздың жағы бұл шешімді аса құп көрмесі анық. Себебі ел ағасына айналатын жастағы азамат қалыңдықтың аға-әпкелерінен, тіпті кейде ата-анасынан да үлкен болады.
 
Мұрагерлер
Мұндай жағдайлардың көбінде ер адамның алғашқы некелерінен балалары болады. Әрине оларға әкелерінің жас келіншегі ұнамайтыны анық. Отағасы  мұрасын бәйбішелері мен тоқалынан туған бала-шағасына тең бөлуге тырысады.
 
Ақша
Жас қыздардың жасы үлкен әрі дүние-мүлікке жарымаған азаматқа тұрмысқа шықпайтыны анық. Не үшін шығуы керек? Несі үшін? Көп жағдайда күйеу көп үлкен болса да, ауқатты болады.
 
Мәміле
Өзінен ондаған жас үлкен азаматқа шыққан әйел жалындаған жастық шағын егде ер азаматпен өткізуге мәжбүр. Осы оймен келісіп, саналы түрде қабылдауына тура келеді. Ал жасы үлкен күйеу жас келіншегінің жан-жағындағы жас жігіттерге көз салғанын көрмегендей кейіп танытуға мәжбүр.  
 
 

Дереккөз:Anabol.kz 
Аударған Айнұр Арғын