Сәлеметсіздерме! Менің де ішімде ешкімге айта алмайтын қаншама сырларым бар еді. Жауабы жоқ сұрақтарым да бар. Соның бірі келінім мен күйеуімнің арақатынасы.

Өзім екінші рет тұрмыс құрғаныма біраз уақыт болды. Күйеуім екеуміз бір бірімізді жақсы көріп қосылдық. Оның маған деген көзқарасына, махаббатына көңілім толады.

Бірақ, келінімнің күйеуіме деген көзқарасы басқаша, ұнамайды. Қысқасы келінімнен қызғанамын. Қояр деп үміттеніп жүр едім, жоқ қоймады. Жұмыстан келсе күлімдеп қарап, баласын беріп, маған айтпаған әңгімелерін оған айтады, тіптен өз күйеуіне олай айтпайды.

Қайнысы мен жеңгесінің ойнап әңгімелесетінін көргенмін, бірақ қайынағасымен ойнағанды бірінші көруім. Біраз уақыттан бері байқағандықтан алғашқыдағыдай оған деген қарым қатынасым онша емес. Өзіне айтайын десем ұрыс бола ма деймін. Мен де алдында күйеуімен (қайныммен) ойнап күліп, әңгіме айтып біраз тұрып қалып едім, содан үйге кірсем тоңқылдап жүр екен. Ішімнен біреудің күйеуімен әңгімелескен қандай екен дедім де жүре бердім. Не істесем болады? Әлде менікі орынсыз қызғаныш па?