Үйлегеніме  көп болған жоқ.Келіншегімді қатты жақсы көремін.Сіздердің клубтарың « Сырласу» деп қыз-келіншектерге арналса да, менің де айтар ойым бар.Айып етпеңіздер.

      Жұмыстан келсем де, үйде болса да келіншегім бұрынғыдай емес.Мені көрсе қуанбайды.Бұрынғыдай  еркелемейді.Аяғы ауыр болғасын, сіркесі су көтермей жүрген болар деп, болашақ ұрпағымыз үшін, не қаласа бәрін алып беріп жегізуге тырыстым.Оның сүйсіне жегеніне қарап отырып, өзімде рахаттанып қалушы едім.

     Осы күндері  екі көзі телефонда менімен не болмаса үй шаруасымен ісі жоқ.Күні-түні ұзақ үңіледі.Мән бермедім.Қатты жақсы көретінім сонша, тым асыра еркелетіп жіберіппін.Өзім жоқта қайда болды деп те күмәнданбаппын.

       Шаршап үйге келгенде  не тамағым дайын тұрмайды.Не үй жиналмайды.Бар сылтауы аяғы ауырлығы, қазанға жақындай алмаймын,жүрегім айныйды дегеніне де түсіністікпен қарап жүрдім.

       Бір күні, телефонына ватцаптан званок келіп жатыр екен, мән бермедім.Қоймаған соң жәй көз салсам, «жаным қайдасың?» деген хат шыға келді.Ол далаға шығып кеткен.Бұл кім болды екен деген арам ой сумаң ете қалды.

      Сөйтсем, қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты.Содан, екеуі кездесіп жүріпті.Мен ештеңеге мән бермеппін.Тіпті ішіндегі бала да менікі емес екен.Оның бәрін жазысқан хаттары арқылы біліп алдым.

        Өзімнің осы уақытқа дейін ит болып жүргеніме, қатты жақсы көріп, ештеңесіне мән бермегеніме өкіндім.Енді ажырасып кетейін десем, қимаймын.Олсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын.Ол ше?Ол бәрін мойындады.Мойындамай қайда барады, барлық дерек менің қолымда тұрғанда.Енді,асты –үстіме түсіп, ата –анасына айтып қоймауымды өтініп жүр.Кешіре алар ма  екенмін?

       Көңілім жәйлап суып барады.Мүмкін бала дүниеге келмей, ажыраса салғанымыз дұрыс болар ма еді?Басым қатты, ақыл беріңдерші.Не істеймін?Кешірейін десем,келесі жолы, тағы көзіме шөп салмасына кім кепіл?...

       Сәлеммен Қайрат