{jcomments on}        Балалы болған соң әйелдер тез толып кетеді.Мен де екінші баламды босанғанан кейін толыса бастадым.Бұрынғы киімдерім симай ,қәдімгідей қарындарым шығып, денем буылтық –буылтық бола бастады.Баламен үйдің шаруасын қатар алып жүру қиынға соғып,өзіме қарауға мұршам болмай кетті.Қазақта «қарты бар үй, қазынасы  бар»деп бекер айтпаған екен.Енем болғанда ғой деп армандаймын сондай да.Кір жуғанда,нан илегенде бесікті аяғыммен тербетіп отырып істейтінмін.Солай етегіңе сүрнігіп жүргенде,қайдағы өзіңе қарау.

Күйеуім соңғы уақытта өзгере бастады.Бұрынғыдай еркелетуді қойды."Толып барасың,өзіңе  қарашы" деп қояды арасында.Мен  қанша астан тежелсем де, бәрі –бір арықтаудың орнына  салмақ қоса бердім.Ал дұрыс тамақтанбағасын сүт шықпай қалып,баламды қосымша тамақтандыра бастадым.

        Ал күйеуім қылық шығарып үйге қонбайтынды шығарды.Қайда болдың десе, өзіме ұрсып тастайды.Іштей тынып үндемеймін.Оның басқа біреуді тауып жүргеніне күмәнім қалмады.Өйткені, телефонда сөйлессе де ваннаға кіріп кетіп сөйлеседі.

        Бір күні шыдамым таусылып, қайда болып жүрсің?Неге үйде сирек боласың?Балаларың бір мезгіл әкесімен болғысы келеді десем, « сен барсың ғой,мен жұмыста жүрмін сендерді ешкімнен кем қылмайын деп.Ал сен үйде отырып ұрыс шығарасың» деп өзімді ,кінәлап сөйледі. «Өзіңе қарауды да қойдың»- деді сөздің арасында.

     Оның менен суып кетуінің бір себебі,толықтығым екен.Енді, өзіммен –өзім күресіп салмақ тастауға тырысып жүрмін.Қайтсем де, күйеуімнің ықыласын өзіме қаратуым керек.Үй жағдайында қалай салмақ тастауға болады?Берер кеңестеріңіз бар ма?