Жасым отыздан асты.Әлі тұрмысқа шықпадым.Жас келе ұсыныс айтатындар да азаяды екен.Тіпті жоқтың қасы.Ал мен көркіммен, мансабыма  масаттанып, «ақ боз атты ханзаданы»     күтіп жүре беріппін.

       Ұсыныс айтқандардың еш бірін ұнатпадым.Уақытында талай жігіттің көз жасына қалғанмын.Тіпті біреуі «осыдан бақытты болсаң көрермін,менен артық біреуді тапсаң» деген.Мүмкін содан,мүмкін басқалай әйтеуір тұз –дәмім көтермеді.Бойымда эгоистігім бар,ешкімнің алдында кішірейгім келмейді.

       Қыздың жолы жіңішке.Жігіт емес өзі ұсыныс жасайтын.

     Мен ұнатқан жан маған қарамай,мені ұнатқанды мен менсінбей,біреуді –біреуді зар қып қойған заман –ай!

       Сөйтіп ,уақыт өткеріп алғанымды да сезбеппін. Сіңлілеріме айтар ақылым карьера қуып жүре бермей, ертелеу орындарыңды табыңдар.Бала сүйіп, ана болыңдар.Басқасының бәрі кейін бола береді.Жалғыз жүріп ешқашан бақытың бүтін болуы мүмкін емес.