(кейіпкердің әңгімесі)

Пердені кім желпиді?

   Өмірде шынайы болған оқиға жайлы айтпақшымын. Оған бүгінде он жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. Ол кезде жасым он төртте болатын. Менің інім абайсызда үстіне ескі шкафты төңкеріп алды. Шкафтың іші толы ыдыс-аяқ еді. Дәл сол кезде мен інімнің жанында едім, ал анадай жерде тәтем термосқа ыстық су құйып жатқан. Құлап кеткен шкафтың кесірінен тәтемнің қолындағы шәйнегі ұшып кетіп, бүкіл ыстық су менің аяғыма құйылды. Ыдыс сынса бақыт келеді дейді ғой, алайда осыншама мол ыдыстың бірден сынғанын алғаш рет көруім. 

  Арада екі апта өткенде аяқ астынан сүйікті атам қайтыс болды. Шындығын айтсам, балалық аңғалдығымнан шығар, жанның болатынына сенетінмін, бірақ ешқашан тылсым құбылыспен бетпе-бет келіп көрмеппін. 
Барлығы жерлеу рәсімі күні басталды. Мүрдені алып кеткеннен кейін, бөлмені тазалап алу қажет болды. Әжемнің кішігірім бастық кезі. Қарамағындағы бір әйелге еденді жуып шығуды тапсырады. Зират басынан қайтып келгенде, есік алдында әлгі әйелдің жылап отырғанының үстінен түстік. 
Сөйтсе, ол үйге кіріп, алдымен бөлменің ауасын тазарту үшін терезені ашады ғой. Сол кезде ішке құйын кіріп кетіп, перделерді желпіп, бөлменің ішінде шырқ үйіріледі. Қорқып кеткен әйел сыртқа жүгіріп шығады. Ауа-райының суықтығына қарамастан, сырт киімсіз желең шығады. Содан үйге кіре алмай сыртта отыра береді.
Атам мен әжемнің үйі бізден бірнеше үйден кейін орналасқан еді. Әжем ертеңіне біздің үйге келіп қонды. Жанына тәтем жатты. Таңертеңгісін екеуінің түрлері де өрт сөндіргендей абыржулы болып көрінді. Бүкіл түні бойы біреу сыртқы есікті ашуға әрекет жасапты. Ал тәтем болса қорыққанынан орнынан қозғала алмаған. Сыртқа шығып қарағанда монша мен жаздық үйдің есіктері шалқасынан ашық жатқанын Көреді. Қатты бекітілген есіктің желмен ашылып кетуі мүмкін емес, оның үстіне ол түні жел тұрған жоқ еді. Мезгіл күз айы, әрі осы түнде алғашқы қырбық қар түсіп үлгерген. Сол қардың бетінде ешқандай із байқалмады...
Күйіп қалған аяғыммен бір айға жуық төсек тартып жаттым. Таяққа сүйеніп, жаныма құрбымды ертіп әжемнің үйіне әупірімдеп жеткенім де есімде.

  Сол күні бəрі атамның қырық күндік асын өткізуге ауылдардағы асханаға кеткен болатын. Анам «есікті кілттеп алыңдар» деген соң қасыма құрбымды алып екі рет іштен кілтедім. Бір кезде əкем үйге кіріп келгенде есімнен тана жаздадым' есікті кілтедім емеспе қалай кірді?

Атамның аруағы тыныштық бермейтін
 Сол күні кешкісін де осы жайт қайталаныпты. Бірақ бұл сәтте үйде менің әжем мен анам ғана қалған. Қараңғы түскен соң олар есікті іштен бекітіп алады. Теледидар қарап отырғандарында құдды ештеңе болмағандай, үйге әкем кіріп келеді. 
Әжем үйде бір өзі қалудан қорқатын болған соң, жанына барып түнеп жүрдім. Сонда көрмегенім жоқ. Түнде ұйықтап жатқанымызда біреу еденді сықырлатып баяу адымдап, бір бөлмеден екінші бөлмеге өтеді немесе терезені қағады. Теледидар өз-өзінен күйіп тынды. Ал бір күні жатын бөлмеде ұйықтап жатқанымды түс көрдім: құдды ұйықтап жатырмын, көзімді ашқанымда бас жағымда әжем тұрады, қолында сүлгісі бар. Мен: "Әже, сізге не болды?" деп сұраймын. Ал ол: "Біреу терезені қағып тұр, атаң шығар..." деп жауап береді. Суық терге малшынып оянып кеткенімде бас жағымда тұрған әжемді шынымен көрдім. Қолында сүлгісі бар. Денем дірілдеп, түсім ғайып болды. "Әже, не болды?" деп сұрадым. Ал ол болса: "Ұйықтай бер қызым, мен жай әншейін..." деп жауап берді. Таңертең ол маған терезені біреудің қаққанын, содан соң тұрып қарағанын айтты...


Ас берген соң тынышталды

Бұдан басқа да сұмдық қорқынышты, түсініксіз жайттар орын алды. Бір күні атамның қабірінің басына қоюға дайындаған ескерткіш тас өзінен өзі жанына қарай құлап түсті. Әкем бір күні әжемнің үйіне қонуға барды да, содан қайтып ол жаққа аяғын баспай қойды. Сөйтсе, түнде ұйықтап жатқанда терезедегі перде мұның басында шырқ үйіріле құйындай айналған. Бір таңқаларлығы, ол терезеде екі перде бар еді, екіншісі қозғалмаған қалпы тұрған. Осы мезетте әкем: "Апа, сізге ештеңе болған жоқ па?" деп айқай салған екен, перде орнына келіпті. 
Біздің отбасының әрбір мүшесі жанымызда үнемі атамыздың жаны жүргенін сезінген. Тек дүниеден озғанына бір жыл толғанын атап өткен соң, түнгі сағат үштер шамасында анам терезені біреудің қатты қаққанын, артынша атамның: "Рахмет!" деген даусын анық естиді. Осыдан кейін барып бәрі тынышталды. 
Естуімше, өлген адамның артынан қатты дауыс шығарып жылайтын болса, оның жаны өз туғандарын қимай, тастап кете алмай, мына әлемнен шыға алмай жүріп қалады екен. Міне, осылайша менің атамның жаны да тек бір жылдан кейін тыныштық тапты...