«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025-ші жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттық тіліне айналдырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Әрине, ұлт үшін маңыз ды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса жөн. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда.Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады - деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық құндылығымызды құтты орнына қондырамыз деген үмітте жо қемес. Жалпы, Қазақстанда қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе көнеден көтеріліп келе жатқан дүние емес екені бесенеден белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігіналып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйде талқыланып келеді. Бұл туралы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жиі айтып келеді. Президенттің «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан. Мемлекетіміздің жаңа саяси бағытын жасап берді. Бұл Елбасымыздың жолдауында анық көрсетілген. Биылғы «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайтат оқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айқын көрсеткендігін айтып кетуге болады. Бүгінде оңтүстің өңірінде латын әліпбиіне көшу мәселесі кеңінен талқыланып жатқаны жасырын емес. Бірі қолдаса, екіншісі қарсы пікір білдіріп, пікірталас болыпжатқаны да ақиқат. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты,тығыз байланысты күшейтуіміз қажет. Оған қоса, өз тілінің болашағынойлаған әрбір азамат, тілге жанашыр зиялы қауым да латын әліпбиіне көшуді көздейді.

Жалпы, тіл жанашыры ретінде де, Елбасы саясатын қолдайтын, қуаттайтын тіл тағдыры мен ұлт тағдырына белсенділік танытып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясында қызмет атқаратын 300 адам өнер майталмандары латын әліпбиіне көшуді қолдайтыныны жөнінде дөңгелек үстелде айтылды.

 

 

Нұрсат Бейсеқожаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры

 

«Жалпы, латын әліпбиіне көшу болашаққа батыл қадам жасау, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасы Н. Назарбаевтың тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара-деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор . латын әліпбиіне көшу сайып келгенде , ана тіліміздің болашағын ойлап,қолданыс аясын әрі қарай кеңейте түсуге зор мүмкіндік тудырары да сөзсіз.

Латын әліпбиіне көшу сатысы–бұл біздің ұлттық мүддеге арналған керемет бағдарлама деп білеміз».

 

 

Гүлбала Әбуова Мәдениет қайраткері

 

«Дегенмен , жұртшылық кирилл, яғни орыс әліпбиіне үйреніп кеткені шындық,Бірақ, біз бір нәрсеге көңіл бөлуіміз қажет ол-қате жібермей сауатты жазу мәселесі. Латыншаға көшу алдымен тіл тазалығын айқындайды, мәселен, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Латын әліпбиіне көшу –қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шыгуына жол ашады. ».

 

 

Сүндет Міралиев Мәдениет қайраткері

 

«Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай болуы тиіс деп ойлаймын. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет».

 

 

 

Қорыта айтқанда, қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді.. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.

 

Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның баспасөз қызметі