Бүгін "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесімен қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе "Сәтті қадам" жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспар бекітілді. "Сәтті қадам" жобасы "Жас Отан" Жастар қанатының ең тмаңызды жобаларының бірі. Жоба мақсаты ЖОО және ТжКБ ұйымдарын тәмамдаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерді іс-тәжірибен өткізку арқылы жұмыспен қамту. Ал жобаның ІІІ бағыты мектепте ҰБТ мүлдем қатыспаған және шекті бал жинай алмаған түлектерге жан-жақты қолдау көрсету.

Бекітілген жұмыс жоспар, "Сәтті қадам" партиялық жобасын бірлесе жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді. Жоспар аясында қаламызда, бос орындар жәрмеңкесінде "Сәтті қадам" жобасына түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. "Жастар практикасы" және "Қоғамдық" жұмыстар негізінде жұмыстарға ең алдымен жартылай және тұл жетім түлектерді қамту, қайта даярлау курстарынан ең алдымен ҰБТ мүлдем қатыспаған және шекті бал жинай алмаған түлектерді қамту жоспарлануда. Тоқсанына бір мәрте "Сәтті қадам" жобасының орындалуына байланысты бірлесе мониторинг жүргізіледі. Жоспарға мұнанда бөлек жұмыс бағыттары енгізілді. Жиын соңында "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес және қалалық "Жұмыспен қамту" орталығының директоры Ғабит Аяпбергенов тиісті жоспарға қол қойды.