Бұл ереже 15 ақпаннан бастап күшіне енеді .
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстандағы жедел жәрдем көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді .
Жедел жəрдем стансаларының дипетчерлері жаңа ережеге сай "103" пультіне түскен денсаулығы бұзылғаны туралы хабарламаларды тіркейді . Диспетчер шақыру түскен кезде мына ақпараттарды тіркейді :
- пациенттің тегі , аты , əкесінің аты , жасы мен жынысы ;
- пациенттің жағдайы мен апат болудың , жарақат алудың жəне сырқаттанып қалудың жағдайлары туралы ;
- пациенттің тұрағы мен байланыс телефоны , ол жерге жету бағыты туралы мәлімет .

Шақырту түскеннен кейін ол ақпараттарды жедел жəрдем стансысынан жедел жәрдем бригадасына жеткізу уақыты бес минуттан аспауы керек . Осы уақыт ішінде диспетчер ол ақпараттарды ШАҚЫРУ САНАТЫНА сараптап үлгеруі керек .
Жедел жәрдем бригадасы ауысымның аға дəрігеріне бағынады .
Аудандық жедел жəрдем станса диспетчерлері ауылдық жерлердегі шақыртуларға қызмет көрсету үшін сол жерге жақын орналвсқан медициналық мекеменің мамандары мен автотранспорты тартылады .
Станса диспетчері қабылдаған шақыртуларды төрт САНАТҚА бөледі :
- БІРІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - пациенттің өміріне қауіп төндіріп тұрған жəне ДЕРЕУ көмек көрсетуді қажет етеді ;
- ЕКІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - медициналық көмек көрсетілмесе пациент өміріне əлеуетті қауіп - қатер төніп тұрған жағдайлар ;
- ҮШІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - медициналық көмек көрсетілмесе пациент денсаулығына əлеуетті қауіп - қатер төніп тұрған жағдайлар ;
- ТӨРТІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп - қатері жоқ , ағзалары мен жүйлерінің оқыс жəне білініп тұрған бұзылулары жоқ жедел аурулар мен созылмалы аурулардың қайталауы ;
Диспетчерлер 1,2,3 санатты шақыртулар түскенде автоматты жүйені пайдалана отырып алғашқы көмек көрсету мекемелері құрамындағы (Алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету құрамындағы жедел жəрдем бөлімшесі ) фельдшерлік жəне мамандандырылған (дəрігерлік) бригадаларға береді .
Диспктчерлерден шақыртулар алғаннан кейін фельдшерлік жəне мамандандырылған бригадалардың пациент тұрған жерге жету уақыты :
- БІРІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - он минутқа дейін ;
- ЕКІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - он бес минутқа дейін ;
- ҮШІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек - отыз минутқа дейін ;
- ТӨРТІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмек -алпыс минутқа дейін .
Фельдшерлік жəне мамандандырылған бригадалар өзіне бекітілген тұрғындарға жəне жеке тұлғаларға қызмет көрсету аймағы бойынша ТƏУЛІК БОЙЫ медициналық көмекті көрсетеді .
ТӨРТІНШІ САНАТТЫ шұғыл көмекке шақыртулар Алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету құрамындағы жедел жəрдем бөлімшесіне беру арқылы немесе жедел жəне шұғыл көмек көрсетуге рұқсаты бар медициналық мекемелерге бере алады .
Жедел жəрдем бригадалары қызметкерлері өмірі мен денсаулығына қауіп - қатер төніп тұрған жағдайларда шақыртулар территориялық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысуымен жүзеге асырылады .
Территориялық ішкі істер бөлімі қызметкерлері болмаған жағдайда жедел жəрдем бригада қызметкерлері өмірі мен денсаулығына қауіп - қатер төніп тұрғаны туралы рация немесе мобильді байланыс арқылы диспетчерлік қызметті хабардар етеді . Ары қарай шақыртуға қызмет көрсету территориялық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысуымен жүзеге асырылады .
Махамбет Аудандық Орталық Аурухана .