Алматы облысында соңғы бес жылда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 11 млрд. теңге, соның ішінде 2017 жылы 3,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ел алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан, қалалардағы қоғамдық орындарда Ішкі істер департаментінің пультіне шығатын 766 бейнекамера орнатылды, биылғы жылы тағы 550-і қойылатын болады.

Оған қоса тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункті салынып, 2018 жылы 111-інің құрылысы жүргізіліп, 2019 жылы олардың құрылысы толық аяқталатын болады.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.