Күн мен түннің теңелу мерекесі наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні басталады

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Алдағы Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады.  

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, 21, 22 және 23 наурыз демалыс күні. Биыл бұл күндер сәрсенбі, бейсенбі және жұмаға сәйкес келіп тұр. Одан кейінгі 24-25 наурыз сенбі мен жексенбіге түседі, яғни демалыс күндері болады. Осылайша, Наурызда қазақстандықтар бес күн демалады.  

Ал наурыз айында барлығы 13 демалыс күні бар.