Қазгидромет мамандары 3-5 маусым - алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Осы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын антициклон айқындайды.

Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғады, жел күшейеді. Күндізгі уақытта солтүстік-батыс, солтүстікте +36+41°С дейін, шығыста +33+39°С дейін, орталықта +33+41°С дейін, оңтүстікте +37+44°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С дейін қатты ыстық сақталады.