{jcomments on}«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

«Латын әліпбиі- тіл тазалығының кепілі»

тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы ақпарат

 

     2017 жылдың 26 ққазанында Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінде «Латын әліпбиі-тіл тазалығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі туралы Елбасы  жолдауына қолдау көрсету, тіл болашағы туралы ой тастау.

     Іс-шараға ақын, «Орталық Қазақстан» редакциясының бас редактордың орынбасары Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы, ҚарМУ, филология ғылымдарының    кандидаты, доцент  Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы, «Болашақ» академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы,  ардагер ұстаз, ардагерлер қоғамының төрағасы Суханберлин Ошақбай, ақын, «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Жанат Жаңқашұлы,  «Өрлеу» БАҰО АҚ, аға оқытушы Cмағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы,  Қарағанды облыстық соты, судья, қоғам белсендісі Азбанбаев Марат Ақторғайұлы  Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қорын сақтау бөлімінің басшысы Оспанқұлова Балжан Зейнелқызы, танымал ақын Серік Ақсұңқарұлы және Қарағанды қаласы мектептерінің ұстаздары мен Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ 10-11 сынып оқушылары қатысты.  

     Шара басында қонақтармен таныстырып өткен  мектеп директоры, модератор Абылай Армияұлы дөңгелек үстелдің мақсат, міндеті жайлы түсінік беріп,  латын графикасы туралы жалпылама пікірімен бөлісті.

    Латын әліпбиі туралы заң қызметкерлерінің ойын Қарағанды облыстық соты, судья, қоғам белсендісі Азбанбаев Марат Ақторғайұлы  жеткізсе, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуы туралы облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы айтып өтті.

    Латын әліпбиінің тіл тарихындағы көрінісі, жалпы қазақ тіліне латын әліпбиінің қалай енгізілгені жайлы «Болашақ» академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы баяндама жасады.

     Басқа да келген қонақтар латын әліпбиінің жастар және ардагерлер тарапынан қолдау табуы, ұстаздар қауымының рөлі жайлы ойларын ортаға салды.

     Латын әліпбиімен жазылған кітаптар және оған оқырманның көзқарасы жайында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қорын сақтау бөлімінің басшысы Оспанқұлова Балжан Зейнелқызы айтты.

    Мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін толыққанды қолдайтындықтарын айтып, ойларымен бөлісті.

   Іс-шара «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында көрсетіледі және газеттерде жарияланады.

 

Ежедневный отчет

о реализации мероприятий, посвященных пропаганде перехода казахского языка на латиницу

за 22 сентября 2017 года

 

п/п

Наименование района, города или сельского округа

(с указанием района)

Название мероприятия и место проведения согласно утвержденного графика (количество)

Дата и время проведенного мероприятия

Количество участников мероприятия

Контингент участников мероприятия

(работники предприятий, пенсионеры, студенты и т.д.)

Количество участвовавших представителей СМИ                  

 (с указанием наименований телеканала, газеты)

Мероприятия в соцсетях и интернет-ресурсах, работа блогеров

Примечания

1.        

Город Караганда

1.Дөңгелек үстел

   Круглый стол.

«Латын әліпбиі-тіл тазалығының кепілі».

«Латинский алфавит-гарант чистоты языка»

10.00

 

100

-          Преподователи ВУЗа;

-          Общественные деятели, журналисты

-  Учителя и учащиеся  школы

 

Первый Карагандинский

На сайте ОО

г. Караганды

и СОШ №76

Эффект положительный