Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Аманшиева Света Ертілеуқызы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 мектепке (53 мектепке 2016 жылы қондырылды) және 15 балабақшаға бейнебақылау жүйесін орнату үшін 36 млн. теңге бөлініп, орнатылды және турникет қондыруға 67 млн. теңге бөлінді. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 4 мектепке дабыл қаққыш орнатуға 8 млн.теңге қаражат бөлініп, орнатылды. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 537 млн.теңге бөлініп, оған 56 мектепке моноблок, 56 мектепке проектор, 27 мектепке мультимедиялық кабинет, 36 мектепке информатика кабинеті жасақталып, 39 мектепке интерактивтік тақта алынды.