Әділбек Нұрымбет
Бір күні ватсаптан: көшеде жүргенде әйеліңнің қолынан ұстап жүрсең саусақтарыңның арасынан күнәларың төгіледі,- дегенді оқыдым да соны сақтап қойдым. 
Содан күнәларымның барлығын төгіп тастайын деп ,екі үш күн бойы көшеге шықсам әйелімнің қолынан ұстап жүрдім. 
Соған үйреніп қалған ба, ертесіне жұмыстан шығып, жұмыстағы бір қызбен аялдамаға дейін бірге бару керек болған соң екеуміз шықтық. Жүріп келе жатып, автоматты түрде ана қыздың қолынан ұстап алыппын.

Қолын тартып алғанда барып қарасам, ұялғаннан қып қызыл болып кетіпті. Менде сасқанымнан сөйлей беріппін. Аялдамаға әзер жеттік ау. Аялдамаға келе салысымен алғашқы маршрутқа міне сала зыттым. Сақтап қойған жазуды құрттым. Ол қызға біраз күн кездесіп қалмауға тырыстым.
Не ойлады екен аааа?

Әріптестерге әзілдеймін деп...

 

Емханадағы жас дәрігерлердің ватсап тобы бар. Бәріңіз білесіздер ғой менің арпа ішіндегі бір бидай екенімді. Жұмыс жайлы да жазамыз, әзілдер де жазылады, арасында қыдыру жағын да ойластырамыз. 
Бір күні бір дәрігер маған: мен нөмер ауыстырдым, осы менің нөмерім. Мені ана топқа қосып жіберші,- деп өтініш жасады. Қарасам менде топтың басшысы (админ) екенмін.
Қосайын деп тұрдым да, ойыма қулық келе қалды.
Ана топта әңгіме қызып жатқанда: қыздар ренжімеңдер, мен әйеліме ұсталып қалдым, үйде қырғын айқай. Енді біраз күнге дейін барлығы орнына келгенше келіншегімді чатқа қосамын. Чаттан шығып кетпеңдер, қыдыру т.б жайлы жазбаңдар, тек жұмыс жайлы жазыңдар,- деп жазып жібердім да жаңағы дәрігерді қосып жібердім.
Қызып жатқан әңгіме сап тиылды. Фейсбукқа кіріп, бірнәрселерді жазып, оқып дегендей жарты сағаттан соң келсем әлі үнсіздік. Жаңағы дәрігер менің алдыңғы жазғанымна хабарсыз, "Сәлем" деп жазыпты. Жауап жоқ.
Жарты сағаттан соң: Бұл біздің дәрігер ғой деп, аты- жөнін жаздымда: Қош келдің,- деп жазып жібердім.
Сол күні басқа әңгіме болмады.
Не ойлағандарын қайдам.