Ақмола облысында ақыл-есі кем, ішкілікке салынған немесе өздігімен шешім қабылдауға қабілеті шамалы басқа да адамдардың атынан миллиондап несие рәсімдегендердің қылмысы әшкереленді.
Жылмысқы әрекетті жалғыз адам емес, тұтас қылмыстық топ іске асырған. Әзірге 17-сі қамауда, тағы екеуіне іздеу жарияланған.
Зеренді ауданында тұратын бұл топ қылмысты төрт жыл бойы жасап келген. Құрған жоспары да тым ауқымды. Тіпті шытырман оқиғалы фильмнің сценарийіне сұранып тұр. Топ мүшелерінің әрқайсының өз міндеті болған.
Бірі ақыл-есі кем, жүріп-тұруы қиын, ішкілікке салынған, тіпті көше кезген қаңғыбастарға дейін тауып, Алматыға жеткізіп отырыпты. Сол жерде уақытша жалдамалы пәтерге тіркеп, атына компаниялар ашқан. Зейнетақы жарнасы, басқа да салық түрі төленіп тұрыпты.
Белгілі уақыт өткен соң, әлгі адамдардың атына миллиондап несие рәсімдеген. Қылмыстық топтың құрбаны болған адамдардың саны 450-ден асады.
Ерболат Жүсіп, Ақмола облысы прокурорының орынбасары: — Қылмыстық топтың алғашқы әрекеті өткен жылы белгілі болған.Ер адамның атына 20 млн теңге несие рәсімдегені анықталды. Табысы жоқ адамға мұндай несие қалай берілді деп, прокурор тексерген. Нәтижесінде осындай біртұтас қылмыстық топты әшкереледік. Олардың құрбандары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының тұрғындары.
Дереккөз: КТК телеарнасы