Болған оқиға желісімен...

Ғани ƏЛИХАН

 Бойымдағы барымды Болатқа сыйласам, Болаттай еркектің тоқалы болсам ойлағаныма жетемін деген арманым арадан ай өтпей жатып жоғала бастады. Өйткені тап бүгін міне бір ай толып екінші айға аяқ басты, бірақ сенген еркегімнің әлі сол баяғы жүрісі.

Өмірі іссапардан бері келмейтін , отбасында еркек боп әңгіме айтып отырмайтын , тым құрығында жұмыстан соң келіп құшағыңда жатпайтын ,еркектің кімге керегі бар ? Шынымды айтсам осы өткен бір айдың ішінде өз еркегіммен төрт ақ түн төсектес болыппын . Жәнеде жаныңды жегідей жеген жалғыздыққа куә боп , басқа барар жері жоқ , басар тауы жоқ бейшараға айналдым . Алғашқыда Хан сарайындай көрген мына үйім ,енді маған тар қапасқа айнала бастады . Осылайша торға түскен торғайдың күнін кештім . Ал Болатқа мұның бәрі бір сияқты . Бір күн Семейге кетіп жатса, бір күн Астанаға ұшып, арасында шет елге кетіп қарасы батып жоғалатынды шығарды . Бұл оның менімен төсектес болғаннан кейінгі бастаған ісі емес, о бастан өмірі осындай екенін кеште болса ұға бастадым . Бірақ ол , сол қалалардың бәріне жай ғана жұмыс бабымен емес ,қандайда бір мәселелерді шешуге барады екен . Былайша айтқанда “разборка “жасап жүретін адам .Бір қызығы алысқанның бәріне араша түсіп қарайлап жүрсе де , өз әйеліне уақыт таппайтын , отбасын ойламайтын сұмырай адам .

Әрине мұны өз аузынан емес аспазшы апайым Ханымшаның сөздерінен байқай бастадым . Ал енді тап осындай өмірмен , осындай еркек маған керек пе еді ?  О баста өмірім күрт өзгеріп ,теріс айналып кете баратынын ойлап та үлгермеппін . Өйткені мен оған қатын боп қатын сияғым болмады . Қу басым домалап түнімен төңбекшіп жатып ұйықтамай отыратынды шығардым . Оның да ,маған бай деп бай сияғы жоқ . Кейде түн ауа келсе, төсектегі құмарын басып салып таң ата оянсам тағыда жоқ болып шығады . Қайда барды , қайдан келді енді қайда барады , қашан келеді мұның бәрі -бір өзімен ,бір Аллаға ғана аян . Ал мен байғұс оның жайын сұрамақ түгіл көзіне тіке қарауға қорқамын . Өйткені өткір көздері өте сұсты , тіпті тесіле қарағанда, қай тесікке кіреріңді білмей сасқалақтап , құшағына жығылғаннан басқа амалың қалмайды . Құрсыншы ол түк емес-ау ,тым болмаса әке - шешесі, іні -  қарындастары келіп , келінім деп болмаса жеңешем деп сөйлейтін бірде бір жақыны жоқ , жекжат бауырдан жұрдай адам . Тек өзін қоршаған жас шамасы өзімен қатарлас бес - алты нөкері болмаса , отбасымен араласып апақ - шапақ боп жататын дос – құрдастары да жоқ . Әрине , жас болсамда осының бәрін ойлап жүріп бір айда басым қатқаны соншалық , енді бар ойым қалай болғанда да осы Болаттан құтылу ғана болды .  Бірақ мынандай сұмырайдан қалай құтыламын ? Мен үшін емін- еркін көше кезу былай тұрсын есік алдындағы аулаға шығу мұңға айналғалы қашан . Өйткені қақпаның алдын аңдып , торуылдаған тасқамалдай екі күзетшісі бар . Ол аздай екі жағында адам көрсе атылғалы тұрған , еңгезердей екі төбеті тағы бар . Ал енді тап осы жерден қашып шыққан күннің өзінде ,ары қарай қайда барамын ? Бұрынғы өзім істеген кафеге баруым мүмкін ,алайда ол жерде Роза апайым жоқ болса ше ? Онда мені мына сұмырайдың адамдары ұстап алып қайта әкелері сөзсіз . Өйткені осыдан бір ай бұрын сол апайым кетемін де кетемінге салып Болаттың таяғын да жеп еді ғой .

Ал ауылға қарай тартып кетсем ше ? Бірақ ауылда да абыройын Алматыда тастап келген мендей сорлы қай жігітке керек ? Мүмкін мұнымды білмеген ессіз бір жігіт алып та кетер . Бірақ масқарам шығып қылмысым әшкере боп жатса ше ? Ал полицияға қашып бару дегенді мүлдем ойлаудың қажеті жоқ . Өйткені сол полицейлердің небір шенді - шекпенділері мұның алдында құрдай жорғалап жүр емеспе ? Қысқасы осының бәрін ойлап ,мен сорлы шарадай басым шақшадай болды . Жөніме жүрмей сау басымды саудаға салып енді қалайда қашып құтылудың жолын ойлап жүрісім мынау . Негізі осының бәріне кінәлі өзім екенім тек өзіме ғана аян . Кезінде құдайдың берген сұлулығына сүйеніп талай жігіттің тағдырымен де ойнап едім-ау .

 О баста айтып өткенімдей сөз салған кез келген жігітке жауабыңды кейін беремін деп үміттендіріп қойып кете беретінмін . Сорлыларға үміт отын жағып қойған соң қайтсін , жамырап алып соңымнан қалмай жүгіріп жүретін . Кей - кейде мен үшін ауыл жігіттері бірі - бірімен қырық пышақ боп қырылып , қан жоса боп жататын . Мен сорлы осының бәрін өз жеңісіммен жемісіме балап онан сайын керіле түсетінмін . Сол жігіттердің көз жасына қалдым ба білмеймін , тап бүгінгі жүрісім мынау . Алтын торға қамалған тотықұстың күнінен түк айырмашылығым жоқ . Сол үшінде мұнан әрі төзуге шамам жоқ . Егерде байсымақ Болатым осы бүгін көзіме көрінер болса , осы жайлы ашып сөйлеспекпін . Шыдамның да шегі бар . Мен де адамның баласымын . Мен де бір ананың әлпештеп өсірген жалғыз қызымын . Осы жасыма дейін әкем де мені қанаттыға қақтырмай , тұмсықтыға шоқтырмай барын беріп келген . Екі ағам бар , екеуі де мен үшін жанын қиюға қазір де дайын жүр . Қой енді , ойға шомып отыра бергенше төменге түсіп асханаға барайын . Аспазшы апаймен сөйлесіп көрейін . Мүмкін алып қосары бар шығар сұрап алайын . Болары болып бояуы сіңді емеспе , шегінерге жол жоқ . Не болсада алдымда үлкен бір айқайдың бары сөзсіз . Осылайша отырып өз болашағымды ойыммен шешіп тастаған соң , аяңдай басып асханаға жеттім . Есіктен кірісіммен айналама көз жүгіртіп апайымды іздей бастадым . Сағат тілі кешкі төртті көрсетіп тұрса да аспазшы әлі келмепті . Демек байсымақ Болатым бүгін де келмейді деген сөз .  Қап сұмырай - ай . Енді қайттім . Ақшасын төлеп отырмыз емес пе , аспазшы неге келмеді екен ? Кенеттен бойымды кернеген ашумен жүгіріп барып телефонға жармасып номерін тере бастадым . Арғы жақтан “алло” деген аспазшымның даусын естіп дүрсе қоя бердім .

 - Қайда жүрсіз ?Сағат бес болды ғой , кешкі ас ішпейміз бе ? Тезде келіңіз , сізбен жеке сөйлесетін шаруам бар ! -дедім де тұтқаны тастай салдым .

Түкті түсінбеген аспазшым болса бірдеңелерді айтып жатты . Мен оны түсінбедім . Тыңдап та отырмадым . Қысқасы арадан жарты сағат өткенде апайым жетіп келіп, қарсы алдымда есеп беріп кешірім сұрап тұрды . Төрт жасар баласы барын соның қызуы көтеріліп доктор шақыртып кеш қалғанын айтып шыр - пыры шығып жатты . Бірақ маған оның сөзі түк те қызық емес көрінді . Ең бастысы мұнда келгелі алғашқы жеңісіме қол  жеткізгеніме қатты қуандым . Демек аспазшы менікі , менен аса алмайды . Кез келген сәтте ұршықтай иіріп бір шыбықпен айдай аламын .

Ендігі қалғаны кезек - кезек күзетте тұратын төрт нөкер . Бүгінгі екеу момын жігіттер сияқты . Осы екеуінен бастасам ба екен ? Ал ертеңгі келетін екеу олар қауіптірек . Алып денелі арыстандай айбатты жігіттер . Оны түрлерінің өзі айтып тұр . Бірақ қандай алып күш иелері болса да ,Болаттан әрі аса алмасы анық . Өйткені ақша төлейтін Болат . Яғни Болат екеуміз , біздің ақша .  Демек мыналардың да да күні жақын . Не болса да кешкі астан соң бір қол көрейін . Осылайша мына үйдегілерге өзімнің кім екенімді көрсетейін дедім де, терезеден тысқа қарай көз жүгірттім . Емпілдеп жүрген аспазшым болса тезде ас әзірлеуге кірісіп кетті . Осыдан соң біраз ойланып тұрдым да, ас дайын болғанша деп аулаға атып шықтым . Мені көргенде оң жақтағы ала аяқ төбет арс етіп алға ұмтылды .Мойнындағы шынжырды үзіп жіберердей екінші төбетте тұра жүгіріді . Мұны көрген қос күзетшінің зәресі ұшты . Жүгіріп кеп асты -үстіме түсіп безек қаға бастады . Бұл менің ойымдағымен құба - құп келді . Сонан соң жас тоқал аттың басына ерік берді .

  -  Ей ақымақ оңбағандар , қарамайсыңдар ма ?  Күні -түні кабинкадан шықпайсыңдар . Сендерге не жетпей жатыр осы а ? Уақтылы ақша аласыңдар және де тегін тамақ , тегін төсек ! Иттерің мені тірідей жеп қоя жаздады ғой . Осыдан ішімдегі Болаттың баласы түсіп қалса , өлдім дей беріңдер- деп қойып қалдым да, ішімді ұстап отыра кеттім .

 Мұндай сөзді күтпеген екі күзетші қатты састы . Ауыздары ашылып аң -таң болып жалына бастады . Қайта -қайта кешірім сұрап, аяғыма жығылып, жылауға сәл қалды . Міне қызық . Осылайша үлкен үйді үйітіп бәрін үйіре бастадым . Қысқасы бұл менің бір күннің ішінде жеткен екінші жеңісім болды . Сондықтан да иттен қорыққанымды сол сәтте ұмытып іштей жеңіс тойын тойлап кеттім ...

    Бәрі мен ойлағандай бола қоймады , мына үйдегілерді билеп алғаныммен , нағыз билеуім керек болған Болатым төбе көрсетпеді . Міне бүгін де кең төсекте көсіле түсіп тағатсыз күтіп ұйықтамай жатырмын . Ол күнде қазіргідей қоңырау соға салатын ұялы телефон деген қайда ? Тіпті тұтқалы телефон дегеннің өзі біздің ауылда бірен - саран үйде ғана болатын . Ал мына үйде сымсыз телефон болғанымен , нөмері жоқ Болатқа қалай хабарласам ол жағын білмеймін .

Аспазшы апайымнан сұрап көргем ,ол кісі де айтудан бас тартқан . Өйткені Болат өзі қоңырау соқпаса , оған қоңырау соғуға тиым салады екен . Қызық ,  әйтеуір бір түсініксіз адам , жасырын адам , жүрген бір жұмбақ адам . Ал менің бар білетінім ,осы үйде аспазшы апайдың нөмері ғана . Кейде мен қоңырау соқсам ,кейде өзі соғып сол апайыммен ғана сөйлесе аламын . Әрине мұның бәрі мен ойлағандай өмір емес . Сонау ит қапқан күннен бері тағыда төрт күн - төрт түн өтті , ал Болаттан әлі хабар жоқ . Апайымның бүгін - ертең келіп қалар дегені жаныма демеу боп жалғызсырап жабырқап жатырмын . Мынандай жүрісте ол маған бай болып қарық боламын ба екен ? Өйткені болашағым бұлыңғыр тартып тұманданып бара жатқаны өзіме аян .Қысқасы осының бәрін ойлай беріп күндіз күлкіден , түнде ұйқыдан айрылдым . Оның үстіне жүйкемде сыр бере бастады . Қиял құрғыр жүйрік қой , тап осы жерде миыма бір ой сап ете қалды . Сондағы ойым екі күзетшінің бірін шақырып алып жеке сөйлесу . Егерде мүмкін болса ертең қалаға шығып бұрынғы өзім істеген кафеге барып келу . Барғанда да жәй ғана бару - келу емес , сол жерде Роза апайым барма - жоқпа соны біліп келу . Егерде бар болса онда сол апайымның көмегіне жүгініп мына жерден табанымды жылтыратып тайып тұру . Міне бұл табылған ақыл емеспе ? Орнымнан атып тұрдым да аулаға қараған терезеге ұмтылдым . Әр жерден әлсірей шамдар жанып аулаға жарық беріп тұр . Қақпа маңындағы кабинкада біреудің сүлбесі көрінді . Айқайлай бастадым . Кенеттен шәңкілдеп шыққан түнгі дауысқа екі күзетшінің екеуі де атып шықты .

 - Біреуің тез де келіңдерші , бөлмемде тышқан жүр , қорқып ұйықтай алмай жатырмын- деп айтып салдым . Осылайша қосарласа жүгірген екі күзетшінің бірі арадан көп өтпей есік қағып тұрды .

Қысқасы бұл мен ойлаған жігіт боп шықты . Өйткені төрт күзетшінің ішіндегі ең момыны , ең жасы , ең көріктісі осы күзетші еді . Бөлмемді әрі бері тінту жасаған күзетшім көп жүрді . Бірақ ештеңе таппай басы қатып қара терге түсті . Енді міне сыртқы киімін шешіп тастап қолындағы шамын жүгіртіп қайта іздей бастады . Жоқ тышқанды қайдан тапсын , соңында салы суға кеткен күзетшім:

 -  Кешіріңіз , ештеңе таппадым , тесікке кіріп кеткен шығар- деп басын салбыратып міңгірлей бастады . Мен болсам :

 - Бар дедім бе бар , іздеп тап , тықырлатып ұйқы берер емес . Тағы да іздеп көр деп  қасарысып тұрып алдым . Ол енді қайта іздей бастады . Қарсы сөйлеуге дәрменсіз екенін білемін . Өйткені мені ит қапқан күні осы күзетте болған , сонда иманын үйіріп қойғанмын . Қысқасы әңгімені онан сайын үдетіп , сөзге тарта келе өзім де қосылып іздей бастадым . Ара - арасында қарап қоямын , жас шамасы жиырма екі , жиырма үштердегі жап - жас жігіт . Буындағы бұлшық еттері бүлкілдеп спортик екені анық байқалады . Күзетке анау - мынау жігіттерді алмайтынын о бастан мен де білемін ғой .Оның үстіне таза қазақша сөйлейді , өзім сияқты ауылдан шыққаны көрініп тұр . Өйткені қаланың қазақшаны ұмытып орысша сөйлейтін жігіттеріне мүлдем келмейді . Демек осы жігітке сенуге болады . Не болса да сөйлесіп көрейін дедім де әңгімемді бастадым .

 -  Таппасаң  қоя сал , енді сен бар да қолыңдағы шамыңды ауыстырып кел . Сонан соң анау киім тұрған шкафты ақтарамыз . Сонда кіріп кеткен шығар .Мен тышқаннан қатты қорқамын . Таппағанша ұйықтай алмаймын . Бар бара сал , тездет енді дегенім сол екен орнынан атып тұрған күзетшім сыртқа қарай тұра жүгірді . Негізі осы шам ауыстыр дегенімнің мен үшін бір құпиясы бар еді . Өйткені оның келгеніне жиырма минуттай уақыт болды . Жоқ тышқанды іздеп біраз сенделді . Ал сыртта қалған тағы да бір күзетші бар . Ол не ойлап тұр екен ? Маған маңыздысы сол еді . Тек арам ойға кетпесе болды . Егер шыныменде солай боп жатса ше ? Ол сөз барып бір күн болмаса бір күні Болаттың құлағына тисе ше ? Қызықтың көкесі сонда болмақ ! Құрдымға кетіп қатыннан құлға айналдым дей бер . Не болсада абай болған жөн . Аллада сақтансаң сақтаймын деген емес пе ? Қабырғадада құлақ бар деген . Ойымды ентіге басып кірген күзетшім бөліп жіберді . Енді міне екеулеп жүріп үлкен шкафтың ішін ақтарып қарай бастадық . Ананы- мынаны айтып әңгімеміз де жараса бастады . Таныса келе бұлда осы Алматы облысының тумасы боп шықты . Жасы жиырма төртте , үйленбеген , басы бос , есімі Оралхан . Қазірше сөйлесіп жүрген қызыда жоқ екен . Тек жалақысы жақсы болғаны үшін Болаттың күзетінде жүрмін дейді . Өйткені он бес күн жұмыс істеп , елу мың теңге ақшаны санап алады . Алайда Болаттың айналасында қауіп те жоқ емес дейді . Кей - кейде оқ атылған шайқастарда болып тұрады екен . Міне қызық ! Момын деп жүрген жігітім сөзге келгенде шебер екен . Осыншама әңгімені үйіп - төгіп ә дегеннен айтып салды . Ал мен үшін ең маңыздысы сөз емес . Тап осы жігітке сенім бар ма жоқ па ? Әңгіме міне осында !  Қысқасы жоқ тышқанды көп іздедік . Таппай әуреге түскен күзетшім кешірімі сұрап та үлгірді .

Жарайды “мақұл” дедім . Ал енді сен маған жауап берші :

 - Анау күзетші қайдан , қасыңда жүрген , онымен әңгімең қандай ? Сырыңды айтып қоймайсың ба ? Сосын саған сенуге бола ма ? Өйткені менің саған бір ұсынысым бар . Егер жігітше сөз берсең айтайын дедім . Мына сөзіме түсінбей қалған күзетшім аңтарылып біраз тұрып барып :

 - Әрине болады , жігітпінғой мен деп басын изей берді . Міне бұл мен күткен жауап еді . Мағанда керегі осы еді , көп созбай сөзімді онан әрі жалғастыра бастадым .

  -  Онда сен тышқаныңды іздей бер . Мен барып терезенің ернегіне отырайын . Сенің напарнигің менің тереземе қарап тұрғаны анық . Мені көріп отырсын . Кейін әңгіме сөз болмас үшін . Қысқасы Ореке , әңгіме былай ! Мен қалаға шығуым керек . Бірер сағатқа барып келетін шаруаларым бар . Сен апарып келсең , қомақты сыйақың дайын . Бірақ бір шартым бар , ешкім білмеуі керек . Тек екеуміздің ғана арамызда қалсын дей келе , мүмкін Болаттан ажырасып жатсам , сенің ең жақын досың боп қалармын деп қосып қойдым . Мына сөзіме таң қалған күзетшім көзі аларып ыршып түсті .

 - Ойбай ол мүмкін емес қой деп безілдеп кетті . Бұл Алматының ауқаттылары тұратын жері . Мұнда осы ауладан бастап , тап қалаға жеткенше қырағы көз камералар тұрады . Қит етсең болды көзге түсесің  . Ал екеуміздің көзге түсуіміз саған да, маған да қауіпті . Онан да Бәкеңе айт , рұқсат берсе апарайын деп шығып кетуге айналды . Тек менің “тоқта!” деген сөзімнен соң тақтайдай қатқан күйі тұрып қалды . Мен сөзімді қайта бастадым .

 - Онда сен ертең қалаға барасың . Мен саған бір кафенің мекен - жайын айтамын . Сонда барып бір апайды табуың керек . Есімі Роза дей бергенімде Орекең сөзімді бөліп жіберіп .

 -   Ааа Роза апайды ма , мен ол кісіні танимын . Қаладағы Бәкеңе қарайтын бір кафенің администраторы . Оған баруға болады . Ол қолымнан келеді ! Не дейін , не айтайын- деп емпілдей жөнелді .

Қысқасы , мен ойлаған ойым толықтай жүзеге аспай , ертесіне хат жазып беріп жіберетін боп шештім . Менен құтылғанына қуанған күзетшім де тезде шығып кете барды . Сонан соң мен жалғыз қалдым . Санам жан - жақты тағы да шарлап кетті . Мына жігіттің сөзіне , қимылына қызыға бастадым . Міне жігіт деп осындайды айт . Тығыршықтай тартымды денесі , көзі , қасы , шашы бәрі де жарасқан сымбатты жігіт . Жігіт Сұлтаны , нағыз еркек ! Шынында да түндіктен төсекке тоймаған мен сорлыға , осындай бір жас жігіт керек екен . Өйткені үйленгенімізге қырық күн өтседе төрт түн ғана құшағыма түнеген Болаттан қайран жоқ еді . Сол қырық күнде бары жоғы төрт ақ түн . Сол үшін де атам қазақ "тең теңімен - тезек қабымен " деп айтып кеткен емеспе . Қысқасы байлығы бар демесең Болат менің теңім емес . Ендеше мен ойланайын !

Ең бастысы Роза апайым табылса болды .

Күзетшім көзден таса болғаннан қолыма қаламмен қағаз алып отыра кеттім . Бірақ не деп жазамын , неден бастаймын , қалай жазамын , соны білмей миым қатты . Өйткені тап маған болашағым осы жазған хатыма байланысты боп көрінді де тұрды . Егерде осы хат Роза апайымның қолына тиіп жатса , олда ана ғой жанашырлық танытар деп ойладым .

Қысқасы шимақтап жазып қағаз бетін толтырдым да, қалтаға салдым . Ендігі қалғаны анау күзетшіге жеткізу ғана . Бірақ ол оңай шаруа емес . Күзетші айтқандай үйдің айналасының бәрі қырағы көз камералар . Егер де күзетшіге қарап қол созғаным немесе қалтасына салып жатқаным камераға түсіп қалса , құрдымға кеттім дейбер . Сол үшін де  күзетшінің өзі келуін күтуден басқа амалым жоқ . Осылайша ерсілі - қарсылы теңселіп жүріп біраздан соң барып төсегіме жаттым . Тәтті ұйқыға енді бас қойғаным сол екен , күтпеген жерден анам кіріп келмесі барма . Ия , ия басында ескіден қалған ақ жаулығы бар мынау менің анам .Тап анамның өзі , аумаған өзі , жаным анам өзі . Тіпті шешемнің көзі деп тастамайтын басындағы жаулығы да менің анамдікі . Көзімді ашып қайта - қайта мен мұндаласамда ,тік қарап терезеден көз жүгірткен анам ,сол күйі қатып тұр .Өкпелі ме өзі , мұнысы несі ?  Неге маған көз қиығын салмайды . Бұрынғыдай қызым деп келіп еркелетіп құшағына басып шашымнан неге иіскемейді . О тоба ! Мұндай қатыгез емес еді ғой . Мына тұрысы несі ? Тас төбеме келіп тұрып маған бір қарамағаны несі ? Неге менің шақырып жатқаныма келмейді . Әлде құлағы естімейтін , көзі көрмейтін таскерең - тассоқыр боп қалды ма екен ? Жо -жоқ , жақсылап бір жүзіне үңіліп көзіне қарайыншы . Міне , міне анық көрдім , бұл менің анашым ғой . Бірақ екі бетіне әжім түсіп , самайына ақ түскен бе қалай өзі ? Бұл қалай сонда ? Мен кеткелі төрт ақ ай өтті емес пе ? Сонда осы төрт айда осыншама қартайып кеткеніме бұл ? Қатты сағынғаннан болар . Қой орнымнан тұрайын . Мойнына асылып еркелеп мауқымды басайын . Көрмегелі көп болды , сағындым ғой өзін деп орнымнан атып тұрып мойнына жармастым . Алайда өз төсегімнен өзім еденге құлап ұйқым шайдан ашылды . Ал жаңа ғана тас төбемде тұрған анашым әп - сәтте көзден ғайып болды . Сонда ғана мен бейбақ бұл мен көрген түсім екенін түсіндім . Міне бұл маған өте ауыр соққы боп тиді . Жүгіріп барып терезеден далаға көз жүгірттім . Күн ұясынан енді ғана көтеріліп тау арасынан шығып келеді екен . Біраз қарап тұрдым да, көздің жасына ерік бердім . Жанымда жұбатып жылы сөз айтатын жақыным болмады . Еңіреп тұрып езіліп көп жыладым . Жұдырықтай жүрегім төмен кетіп , қуыс кеуде боп жалғыз қалғандай сезіндім . Ешкімге керексіз жетімнің күйін кештім . Сонда ғана оңбай қателескенімді түсіндім . Осылайша ойнақтап жүріп от басқан бейбаққа айналдым . Өз өмірімді өзім тозаққа айналдырдым . Болашағым бұлыңғыр тартып Алланың ақ жолынан адастым . Енді маған ауылды ұмытып қалайда осы қалада қалу арманға айналды . Бірақ оған мына Болат мүмкіндік береме ? Әрине бермейді . Өзгені емес өз басының ғана қара қамын ойлайтын Болатқа мен тек төсегі үшін керекпін . Онда да күнде емес ,күндердің күнінде керекпін . Ал менің алда талай арманым бар . Ең бастысы осы жыл оқуға түсу . Ағамнан да осы оқуға ақша жинаймын деп айқайға басып қалып кетпеп пе едім ? Ауылдағы әкем мен шешеме де соны айтып ағымнан жарылдым емес пе ? Ал мынаның мені оқытатын түрі жоқ . Оқыту түгілі мына үйден далаға шығарар шығармасы белгісіз . Осы өткен қырық күнде қалаға шығасыңба?- деп бірде бір рет сұрап та көрмепті . Ал өстеп жүріп екіқабат боп қалсам ше ? Онда маған ешқашан Болаттан құтылу жоқ . Өйткені ұзын құлақтан естуімше маңдайында жалғыз ғана қызы бар . Олда болса Роза апайымның туып берген қызы . Бірақ құшағыңда күнде түнемейтін еркектен қайдағы бала ? Қысқасы мен кетуім керек , құтылуым керек . Ақшасыда басқасыда құрысын . Басым аманда тездетіп табанымды жалтыратпасам болмас . Қысқасы таң атқалы терезенің ернегінде отырып бар ойлағаным осы болды . Кенеттен қақпа жақтан таңғы асқа келе жатқан кешегі күзетшімді көзім шалды . Терезені тарсылдатып ұрып айқайлап шақыра бастадым . Естіген естімегенін білмеймін үлкен үйге тездетіп кірген күзетшім жоқ болды . Ендігі ойым төменге өзім түсіп ыммен болса да шақырып алу ғана . Көз жасымды сүртіп жіберіп төменге түсіп асханаға жеттім . Әдеттегідей тамағын қыздырып жатқан күзетшім мені көргенде шошып кетті . Себебі мен осында келгелі ешқашан ұйқымнан бүгінгідей ерте тұрып көрмегенмін . Оның үстіне мына асханаға мынандай жұп - жұқа , ашық - шашық , келте халатпен ешқашан кіріп көрмегенмін .Сосын мына таң атқалы жылаудан көз ашпаған екі көзім ісіп кеткені ол түгіл өзіме аян . Міне , мені осындай күйде алғаш көріп көзі бақырайып кеткен күзетшім .

 - Сізге не болған ?-дейді жалма - жан стаканға су құйып ұзатып жатып . Өзінің қолы дірілдеп қорқып тұрғаны белгілі .

 - Маған қалайда мына жерден кету керек ,негізі Болаттан құтылуым керек- дедім мен де . Мұны естігенде күзетшімнің көзі бақырайып ыршып түсті .

  - Ойбай ол мүмкін емес қой дейді жан - жағына алақ - жұлақ қарап алып .

 - Мүмкін , бәріде мүмін- дедім мен де міз бақпастан . Әрине мүмкін , егер сен маған көмектессең . Екеуміз бірге қашамыз . Қаласаң сенің ауылыңа қашып барамыз . Қаласаң менің ауылыма барамыз . Ал оның екеуі де ұнамаса осы Алматыда қаламыз . Ал егер бұлда мүмкін болмаса Астанаға барамыз .Сонда бір пәтерді жалдап екеуміз ғана тұрамыз ( Осы бірге деген сөзді әдейі қосып шегелеп тұрып айттым ) Оның мен білетін жолдары бар . Мына хатты Роза апайға бүгін апарып табыста . Сосын бүгін қайтып кел де маған жауабын айт . Сонан соң менен бұйрық күт . Тек тіліңе ие бол , мен саған сенгендіктен айтып тұрмын дедім де , оң жақ қалтасына қол жүгірттім . Сегіз бүктеліп алақандай болған хатты терең сүңгіттім . Сонан соң қолым тиген "қасқабасты" жанай сипап өтіп құлағына сыбырладым .

 -  Ең басты сенім , өзіңе сен сосын маған сен . Болаттан құтылсақ болды , бізге ешкім кедергі болмайды . Өйткені сен маған қатты ұнайсың . Осы сөзім есіңде болсын- деп қосып қойдым . Аяқ қолында жаны қалмаған сорлы , басын изеп құптаған күйі қала берді . Көп тұрмай менде өз бөлмеме тайып тұрдым . Ал енді осыдан соң келіп ойға батқанның көкесі басталды . Күзетшімнің өзіме қарап құлағанын көріп есім кетті . Жаңа ғана көрген түсім , еңіреп жылағаным сол сәтте ұмыт болды . Көз алдымнан сырттай болса да шамасын байқаған күзетшімнің "бұйымтайы" кетпей қойды .

 Не деген үлкен десеңші . Міне нағыз еркек ! Өзі жас . Дене бітімі Болаттың денесіндей ойлы - қырлы , қыртыс - қыртыс емес ,керісінше  бөлек - бөлек тас сияқты ширақ . Негізі менің теңім тап осындай еркек . Мынандай сұлулығымды осындай еркекке тапсырсам  мен де арман барма . Таң атқанша талықсып от қып өртеп жатса онан басқа не керек . Мына жігітпен төбең шымырлап , алпыс екі тамырыңнан қан орнына бал құйылып көлдеткенге не жетсін . Өзі де бір өте жуас , момын жігіт . Оның үстіне менің сөзімнен шықпайды . Ертең - ақ Алла жазып бірге болып жатсақ , сұлу мүсінімді сүйгенде тіпті де төбесіне қояр . Өйткені мендей қыз кез келген жігітке бұйырмасы анық Қой , енді барып  жатайын , ұйықтап алайын . Күзетшім келгенше күтейін . Әне кезектегі екі күзетші келді . Ауысым сәтті өтіп менің хабаршым шығып кетіп жатты . Әрі барса бір сағат . Бір сағаттан соң кафеде болады . Апайыма хатты табыстаған соң , менің адамым ғой апайым тамағын аямас . Мейлі жарты сағатын жоғалтсын . Сонан соң жауабын алып келеді . Демек ол да бір сағат . Сонда бәрін қосқанда екі , екі жарым сағатта қайтып келмек . Демек тап қазір менің шешініп жатып ұйықтағаным дұрыс . Өйткені ол менің бөлмеме өзі келеді . Жалаңаш бейнемді көрсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз . Онан сайын есін кетіріп миын шашамын . Ал сонан соң өз жоспарымды жәйімен ғана жүзеге асырамын . Сосын маған Болаттың керегі де жоқ . Келсе келсін , келмесе солай жүре берсін . Өйткені мына Оралхан тұрғанда төрт құбылам теңдей түгел болмақ ...

Жалғасы бар...