Болған оқиға желісімен...

Жеткер Жүсіп   

Кішкентай күшікті теміржолда істейтін әкеме, эшолонда кетіп бара жатқан бір оянный беріп кетіпті.Қимай басынан сипай беріпті ол көзі жасаурап мойны ақ екен."Мойнақ" қойдық оның атын.Иттің төресі болып өсті.Беті ашық тұрған нәрсеге ауыз салып көрген жоқ.Тек итаяғын ғана місе тұтты Адамның қас қабағына қарайтын ит еді,Мойнақ.


Айтайын дегенім ол ауылдағы ұйыған шулаған бірде бір итке ерген жоқ.Бір үйде қаншық ит болса,ауылдың бар иті соның қасынан табылатын. Жоқ, онда ондай әдет!

Мынауың"ақта"ма?- деп күлетін көрші Серікбай.
Кейін оның біздің ауылдан 20-25 шақырым жердегі "Бекбауыл" деген жерге барып,келіп жүргенін айтты. 
Екі ортаның жолы сор батпақ-тын.Көктем мен күз,алаңсыз лайсаң болып кетеді.Мойнақ сондай кездері де сол жаққа кетіп қалатын болды,бірнеше күндеп.Сөйтсек сол ауылда екен МАХАББАТЫ!
Апырмай -деп таңдай қағысатын оның "сырын"білетіндер - Ауылдағы ен иттен бір қаншық таппағандай!
Теміржолдың тракторисі, Файзолла да оған түсіністікпен қарады .Сол жаққа бет алып бара жатқан оны батпақты күндері тіркемесіне "мінгізіп"алады. 
Ойпырмай, кейде телешкіге өзі-ақ қарғып кетеді «Бекбауылдың» "күйеу баласы"деп күледі ол
Мойнақта біледі оның "Бекбауылдан" шпал тасуға бара жатқанын.
Бір күні ауылға ит ататындар сау ете қалды "Соғыс"басталды да кетті.Сабақта отыр едім,жүрегім зу етті "Мойнақты атып кетпесе"деген үреймен,ата жөнелдім Мойнында қарғысы бар.Сондада сенім жоқ ит ататындарға .Олар қырып кетеді қарамай.Терісінен етік тігетін көрінеді,оянныйларға.
Борты қан -қан бір машина кетіп барады.Үстінде мылтықтылар...
-Атып кетті Мойнақты !- деді анам даусы қалтырай шығып . Не істерімді білмей дізем қалтырап отыра кеттім.

Бір күн өтті,Мойнақсыз. Бұзауға су беруге барғам,қораға.
Қыңсылайды бірдеңе.Қараймын.Шөп күденің түбінде екі көз оттай жанады.Мойнақ! Жараланған екен.Сонан ем - дом жасап бақтық.Тағы бірде тамақ құймақ боп қораға кірсем, мойнында ғана қара дағы бар аппақ бір ит оған еркелеп тұр. "Бекбауылдағы"МАХАББАТЫ, келіпті Мойнағына!
Бір түрлі махаббаттың не екенін  өзім түсіне бермейтін шақ. Сондада болса,торғайдай жүрегім көзі жәутең қаққан ақ итке жылып қоя берді.


Мойнақ бүгін күні бойы ұлыды Жарғантау жаққа қарап!
-Атып тастау керек,жаман ырым- деді Қарабатыр аңшы.
-Сөйтерсің,бүгін өтсін -деді анам
Теміржолдағы охбодшик Нұрмағанбет айтты,кешкісін :
-Жарғантаудың 27 киллометрінде ана ақ итті пойыз басып кетіпті - деді.
Сол күндері жаңбыр толастамай,қатты лайсаң болды . "Бекбауылдан" жаралы Мойнағына келе жатқан беті екен...
 Мойнақ сол түні өзі де жоғалып кетті...