Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызының жақында ғана ұлы қайтыс болған.Енді,сол қайғыдан бас көтере алмай жатып әкесі қайтыс болды деген хабар жетті.Бұл жөнінде журналист Айнаш Есали фейсбуктегі парақшасында көңіл айтып жазды;

« Сәуле, ақ Сәуле! Ақжүніс Сәуле!
Мықты едің ғой. Алматыға ақ бантигіңмен титімдей болып келіп, талай қиыншылықты жеңдің ғой.
Айналасы үш айдың ішінде туған жезде, туған бауыр, туған бала, туған әкеден айырылудың қасіретін басына түскен адам ғана білер. Енді не деп басу айтарымды да білмеймін, досым... Бекем бол!

Әкең Әбілдахан Әбединұлының арты қайырлы болсын! »

Амантай Тойшыбайұлы "Қарындасым, қолдан келмейтін нәрсеге сабыр сақтай алған адам ғана ең мықты адам. Басыңа түскен ауыртпалық саған жіберген сынағы. Сабырлы бол!"

Гулфара Бегжанова" Иә," өткенге өкінбес болар, кеткенге кейімес болар,"- деп осындайда айтқан - ау бабаларымыз! Болған істің бір қайыры болатыны сөзсіз! Белді бекем буудан басқа амал бар ма?! Алланың ісіне кім қарсы тұра алар?:. Қалқам, болаттай берік бол! Алла да сүйген құлына осындай сынақ береді екен ғой. Иманды болсын! Алдынан жарылқасын! Қайтеміз..."деп желідегі достары қайғыға ортақтасып жатыр.

«Тас түскен жеріне ауыр» қаза қайырлы болсын қазақтың Ақжүнісі !