18- қаңтарда  сағат Астана уақытымен  10:30   Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы, Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде   автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды деп хабарлайды  Bag.kz  Ақтөбе олысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көз жұмғандардың барлығы Өзбекстан  Республикасы  азаматтары.

Тірі қалағандардың аты –жөндері анықталды. Олар 1985 жылғы Мақсат Пернебеков, 1978 жылғы Исаков Ахрор, 1988 жылғы Исроилжон Мерзахметов, 1968 жылғы Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылғы Барат Таңатаров.

     Өзбекстан Ақтөбедегі қайғылы оқиға орнына ұшақ жіберетін болды.Өзбекстан Төтенше Жағдайлар Минстрлігі болған оқиғаға байланысты арнайы құрам өкілдері  дәрігерлер мен СІМ қызметкерлерін жібермек. “Борт әзірленуде, Ташкенттен ұшады. Рейстің уақытын Қазақстандағы әріптестерімізбен ақылдасып шешетін боламыз”, – деп хабарлайды минстрліктен.