© Тайный мир

Болашақты болжап, кез-келген істің ақырын біліп алатын көріпкелдер өз ажалын сезген кездер де көп болыпты. Ерекше қасиет берілсе де, өлімнен қашып құтыла алмаған әлемдегі танымал экстрасенстер туралы мәліметтерді life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZұсынады.


1. Илья Ставский. Жақында ғана Мәскеу маңында болған Ан-148 ұшағы апатында қаза тапқан. Біраз уақыттан бері көріпкелділік қасиет қонған азамат, өлерден бұрын өзінің сиқырлы шарында "қара белгі" көрген екен. Алайда оны дұрыс жори алмапты.



Марқұм 33 жасқа толған туған күнінде бір жамандықтың боларын сезіп, әйеліне "шулатып тойламай-ақ қояйық. Мен көп полицейлерді көріп тұрмын. Тағы да біреу тәртіп бұзып, абақтыға түсерміз" деген екен. Алайда сол күні ұшаққа отырып, ажал құшқан соң әйелі апат орнына барса, онда шынында қаптаған полиция қызметкерлері жүр екен.


2. Григорий Распутин. Әлемдегі ең танымал экстрасенстердің бірі. Ол патша отбасын атып кететінін, елде төңкеріс болатынын және өзінің өлетінін болжай алған.



"Шипагер" біреулердің оны қинап өлтіретінін білгенімен, нақты кімнің қолынан өлім құшатынын білмепті. Распутин өзін дворяндар өлтірсе, Романовтар отбасы құрдымға кетеді деп болжаған екен.


3. Вольф Мессинг. Көріпкел жұбайының да, өзінің де қай кезде өлетінін білген. Өмірмен қоштасқысы келмеген экстрасенс ажалын алдап кетуге тырысып, ауыр ота жасатқан екен. Алайда операцияның сәтті өткеніне қарамастан, екі күн өткен соң оның бүйректері істемей, өкпесі ісіп қайтыс болады.



4. Ванга. Әлемге танымал экстрасенс 1990 жылы өзінің өмірден өтуіне алты жыл қалғанын айтқан. Ал ажал уақыты жақындағанда, оның нақты қай күні болатынын да біліпті. Бірақ көріпкел дәрігерлер айтқан отадан бас тартып, "ол жақтағылар мені қашан алу керектігін біледі" деген екен.



5. Джуна - астролог әрі емші. Ол өлерінен екі жыл бұрын құрбысына "Мен жақында өлемін, осыдан көр де тұр" деп айтқан. Джунанның ұлы Вахтанг қайтыс болғаннан кейін, ол "жақында сүйікті ұлыммен кездесемін, соған дайындалып жүрмін" деп айтып жүрген екен.



6. Илона Новосёлова. "Битва экстрасенсов" бағдарламасының финалисті 2017 жылдың жаз айында қайтыс болды. Ол өлетіні туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. Алайда бір күн бұрын Instagram парақшасында бас сүйектің суретін салып, "көріп тұрмын" деп жазған. Марқұмның жақындары оның өз ажалын сезгенін айтады.