Кеше Қарағанды-Астана автомагистралінің Осакаров елді мекеніне жақын жерінде ірі жол көлік апаты тіркелген болатын. 
    Бүгін әлеуметтік желілерде сол оқиғаға қатысты видео тарады «Жігіттер, Астанаға қарай шықпаңдар. Быт-шыт болып жатыр. 50-60 машина соқтығысып жатыр», - дейді бейнеролик авторы.
    Оның айтуынша, видео 7 наурыз күні күндізгі сағат 14.00 шамасында түсірілген. Апатқа ұшыраған көліктердің арасында жеңіл автокөліктермен қатар жүк көліктері, автобустар бар. Оқиға Осакаров ауданының аумағында болған. 

Дереккөз:http://www.ktk.kz/kz/