Шие иісті мүшеқап сатып алатындарын жариялаған атыраулық дәрігерлердің әрекеті жұртты елең еткізді .Қала маңындағы Геолог ауылының емханасы мемлекеттік сатып алу-сату сайтында осындай хабарлама ораналастырған.

 

Онда емхана басшылығы өздеріне латекстен жасалған 1000 дана мүшеқаптың әрқайсысын 40 теңгеден аламыз деп көрсеткен. Бірақ, неге екені белгісіз, оның шие иісімен болуы керектігі атап көрсетілген. Ал, дәрігерлер мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді.

 

Өйткені, осы уақытқа дейін алып келген мүшеқаптары арзан болғандықтан, «жұмыс үстінде» жыртылып кетіп, талай рет ыңғайсыз жағдайға тап болған.

 

Нақтырақ айтсақ, тарнсвагиналды ультрадыбысты зерттеулерер кезінде қолданылады. Ал, табиғи латекстен жасалып, әрі жеміс-жидектің иісін беретін мүшеқаптар сапалы болғандықтан таңдау осыған түсіпті.

 

Диляра Мұхтарова, дәрігер-гинеколог:

 

- 2017 жылы біз перезерватив деп салганда бізге сапасы жағынан төмен келді. Себебі, бір адамға жатыр іші қуысын зерттеген кезде, біздер презервативті пайдаланғанда ол жыртылып кеутіне байланысты біз 2-3 презервативтен кеткен болатын. Не себепті шие деп көрсетілен? Басқалары да болады. Бізге бәрібір. Жай мүшеқап болып қалмасын деп бергенбіз.

 

ktk.kz