Мен жастай тұрмыс құрдым. Алайда алғашқы күйеуіммен жарасып кете алмадық, ақыры ажырасып тындық, арамызда бір қыз бар. Себебі күйеуім арақ ішетін.Ішкенде де тоқтай алмай, салынып ішеді. Мен тауда малдағы үйде жасқа толмаған қызыммен жылап жүретінмін, ал ол апталап қаңғып кететін. Оны ақылға келтіруге, отбасымды сақтауға тырыстым. Бірақ ол мені де, менің сөзімді де керек қылмады.

Мамам: "ол байыңа енді бармайсың, қызыңды өзім бағам. Сен қалаға барып жұмыс жаса. Күйеуіңді ұмыт, ол арағын қоймайды" деп мені алып кетті. Содан бері күйеуім араққа тіптен салынып кетті. Көрші тұрып қызын іздеп келмеген. Мектепке баратын уақыты келгенде қызымды өзімнің қасыма алдым. Қазір қызым тоғызда.

Былтыр өзімнен 13 жасқа үлкен жігітке тұрмысқа шықтым. Үмітсіз шайтан ғой, осымен бақытты болып кетем бе деп. Бұл күйеуім жақсы адам. Бірақ қызымды оған жақын жіберуге қорқам. Қанша дегенмен бөтен адам өгейлігін істей ме деп. Оның үстіне ол бала туып бергенімді қалайды. Бірақ көтере алмай жүрмін. Егер бала туып берсем, бір отбасы боп бір-бірімізге жақын болып, арамызда сенім пайда болар деп ойлағам. "Қызыңды каникулға нағашыларына жіберсің бе" деп сұрады ол бірнеше күн бұрын. Бірақ қызымды ешқайда қасымнан жібергім келмейді. Екі жақты боп біресе қызыма алаңдап, біресе күйеуімді де ренжітіп алам ба деп басым қатты. Ойыма неше түрлі ойлар келеді. Ақыл қосыңыздаршы...

Аноним