Атышулы жас ақын Балтабек Нұрғалиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстандық Құдайға» теңеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды newsasia.kz.

Оның «Қазақстандық Құдайым» деп аталатын туындысы желіде үлкен дауға айналды.

Райымбектей рақымды бола білген ылайым,
Нұр-Атамды мен ғажап Әулие деп ұғайын.
Қабыл алған халқының армандарын, мұратын,
Ерен тұлға Елбасы – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰДАЙЫМ! — деп жазды жас ақын өз одасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрғалиев Елбасы мен оның ата-анасының есімдерін Ата Заңға енгізу туралы жыр жазып желіні бір шулатса, оған дейін Дариға Назарбаеваға ода арнап, сонымен бірге, Сара Назарбаеваны бар қазақтың анасына теңеген болатын.

Abai.kz