Маңғыстау полициясы WhatsApp арқылы тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді

Ақтау тұрғындары мессенджер мен әлеуметтік желілерде саммит кезінде жеке қаупсіздік ережелерін сақтау туралы хабарламаны таратып жатыр, - деп хабарлайды "Лада". 

Хабарламада қауіпсіздік шараларын сақтауды және қалаға қарап тұрған терезелерден қарамауға шақырған.  Маңғыстау ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл хабарламаның жалған екенін айтады. 

Каспий маңында орналасқан мемлекеттер басшыларының саммиті 12 тамызда Ақтауда өтеді. 



Дереккөз: kaz.tengrinews.kz