Қазіргі таңда педофилді химиялық жолмен піштіруге бағытталған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы елімізде алғаш рет педофилді химиялық жолмен піштіруге дайындалып жатыр. Биыл қылмыскерлердің жыныстық қарым-қатынасқа деген құштарлығын басуға бағытталған шараларға жалпы 9,5 миллион теңге (27 мың доллар) бөлінді. 

Денсаулық сақтау министрі бір пациентті химиялық жолмен піштіруге орташа есеппен 125 мың теңге (350 доллар) жұмсайды. Медициналық сипаттағы химиялық жолмен піштіру шарасы сот шешімімен жүргізіледі. 2016 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалар құқығын қорғау мақсатында түзетулер енгізілген заңнамаға қол қойды. 
 
Нормалардың бірқатары, соның ішінде химиялық жолмен піштіру 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұл процедура 18 жастан асқан, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға қолданылады. 
                                                               
 Дереккөз: Sputnik