Еркектерге әйел омырауы неге және несімен ұнайды?

Міне, сіздерге сұрақ... Жауап бере аласыздар ма?

Бұл сұрақ менің санамда сонау мектеп кезінен бері бар. Ең алғаш рет 9-сыныпта кабинетімізге жаңа мұғалима апайымыз келіп кіргенде біздің ұл балалар одан көз айыра алмай қалған болатын. Әншейінде алысып-жұлысып, басқа мұғалімдерді тыңдамайтын ұлдар сол мұғалима кіргенде тілден айырылатын еді.

Оның себебін мен кездейсоқ екі ұл баланың әңгімесін естіп қалғанда білдім: «Мәәә...омырауы зың ғой, иә?!»

«Фуу!» дедім сол сәтте. Маған сонда әйел омырауы деген жиіркенішті көрінді ме, әлде мұғалима апайдың омырауы ұлдардың назарына іліккенінен жирендім бе, оны өзім де білмеймін. «Неге тап сол кеудесі?! Неге аяғы емес, басқасы емес...»

Өзім есейсем де осы туралы анда-санда ойлап қоюшы едім. Жақында мынадай бір деректі оқыдым. Бұл сұрақ тек менім ғана емес, әлемдік деңгейдегі ғалымдарды да ойландырып жүр екен ғой.

Сауалнама жүргізгенде оған ешкім жауап бере алмапты. Тек «ендіііі,... өмірге алғаш келгенде көрген «тәттісі» сол ғой, енді...» дегеннен әріге ешкім аса алмаған. «Қыз баланың да алғаш көргені сол «мәме» ғой» дегенде: «Оларда кейін өзінің омырауы пайда болады ғой, ал еркектерде болмайды...» деген жауап ғалымдарды да күлкіге қарық қылған шығар-ау.

АҚШ-тағы Эмори атындағы психатрия университетінің профессоры Ларри Янг осынау сұраққа былай жауап беріпті. Әлеуметтік қиын мінез-құлықтың неврологиялық негіздерін зерттейтін ол мұның түбі сонау адамзаттың дамуымен бірге келе жатқан ежелгі нейрондық тізбекте жатыр деп түсіндіреді.

Бұл тізбек бастапқыда ана мен баланың арасындағы байланыс, яғни, емізу кезінде дами бастаған. Қазір дами келе жұп болған әйел мен еркектің арасын байланыстырады екен.

Енді әу бастағы сұраққа нақтырақ жауап табайық.

Әр адамның бойында «махаббат есірткісі» деген болады. Оның қай кезде пайда болатыны төсек қатынасының дәмін татқан, тіпті, сүйісіп көрген кез келген 18 жастан асқан ересекке белгілі.

«Махаббат есірткісінің» ғылыми атауы – нейрохимиялық окситоцин. Көптеген тәжірибелер омырау ұшын уқалау әйелдің бойындағы жыныстық қозуды тудыратынын көрсеткен. Осы кезде әйелдің миында окситоцин бөлініп, тән қалауы артады.

Демек, еркектердің әйел омырауын ұнатуының түпкі сыры да осында жатыр. Омырау арқылы өздерінің ұнатқан әйелдерінің қалауы бола алатындығына сенеді. Сондықтан да қызыға қарайды.

Тағы да қызығы...

Бұл ғалымдардың да зерттемейтіні жоқ-ау... Тағы бір жапондық ғалым Мицуга Шига әйелдерді омырау өлшеміне қарап 3 топқа бөліпті. Сол арқылы әрбір еркек (ақыры, алдымен омырауына көзі түскен соң ол туралы деректі де біле отырсын деген болар?!) қалауындағы әйелдің оңашада қандай болатынын айтады.

1-топ.Үлкен омыраулы әйелдер өмірге тек оптимистік көзқараста, өте көңілді әрі сезімтал. Онымен көңіл жарастырған еркектің қалауын өзі-ақ дөп басады. Тіпті, төсекке өзіңізді сүйреп кетуі де ғажап емес.

2-топ. Кішкентай омыраулы әйелдердің төсекте анағұрлым қызуқандылық танытпайтынын оқып отырған еркектердің біршамасы білетін де болар, ә?! Ұялмай-ақ қойыңыз, ол рас. Оларды төсектен гөрі күйеуінің теріс жүрісі бар ма, жоқ па, сол көбірек алаңдатады. Өзі туралы өте жоғары пікірде.

3-топ. Омырау өлшемі орташа, шамамен 2-3 болатын әйелдердің төсекке деген ынтасын ояту оңай. Барлығы еркектің қолында.

Жапондық ғалымның пікірінше, әйелдің сыртқы келбетіне қарап оған мінездеме беру өте қиын. Әйелдердің алдамайтын бір ғана дене мүшесі – омырауы ғана!

Жайнаған Байтұрым  ernur.kz