Алматы полициясы интернеттегі заңсыздықты насихаттайтын топтарды бақылауға кірісті.  
Полиция ендігі кезекте видео мен фото салынған пабликтерді бақылау үшін арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, заң бөлімі, департаменттің баспасөз қызметінің мамандары кірді.  

«Алғашқылардың бірі болып, «Instagram» желісіндегі «Nelegal.kaz» паблигі жіті бақылауға алынды. Мұнда жазылушылар жол ережесін бұзған сәттерін суретін, видеосын жібереді. 174 жарияланымның ішінде 85 видео мен 89 фото жіті қаралды. Олардың 11-і бойынша әкімшілік хаттама жасалады. 6 оқиға Алматыда болған болса, 5-уі бойынша хаттама толтырылды. Қалған эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
 
 
Дереккөз: ҚазАқпарат