Астанада жүргізушілер видеотіркегіш арқылы айппұлдардан «табыс таба алады». Бұл ҚР Ішкі істер министрлігінің «ынталандыру» жүйесі енгізілгеннен кейін мүмкін болмақ.
Бұл туралы «Телеграм» желісіндегі FINANCE.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Қазіргі уақытта біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құқығында осы бағдарламаны дайындап жатырмыз. Бағдарлама бойынша айыппұлдың 50 пайызын мемлекетке жібереміз, 40 пайызын бізге ақпарат берген азаматқа береміз. Ал қалған 10 пайызы осы бағдарламаны әзірлеген фирмаға түседі. Менің ойымша, бастапқы жылдар біз үшін бұл қиынға соғады», – дейді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Яғни, елордалықтар видеотіркегішке жазылған бұзушылықтарды ұсынып, айына шамамен 260 мың теңге таба алады. Мұндай есеп бір айда болатын бұзушылықтардың орташа көрсеткішін негізге ала отырып жасалған. Аталған есепте астаналық жүргізушілер рульде шамамен 1,5 сағаттан 3 сағатқа дейін отырып, түрлі бұзушылықтарды көретіні және заң бұзғандардың алғашқы бір аптада айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлейтіні ескерілген.