WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істеуін тоқтататын болады. 

 
Кейбір құрылғыларда WhatsApp мессенджер қолдамайтын болады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды. Осылайша Android 4.0 нұсқасынан төмен смартфондардың иелері бұл қосымшаны пайдалана алмайды. 
 
Осындай өзгерістер iPhone-да 8.0 нұсқасынан төмен, ал Windows Phone-да 8.1 нұсқасынан төмендері бұл қосымшаны пайдалана алмайды. Nokia S40 операциялық жүйесі бар телефон иелері  WhatsApp қосымшасын жүктеп те, қолдана да алмайды. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан кейін осы өзгерістер Android 2.3.7 және одан ескі нұсқадағы телефон моделіне, сонымен қатар iOS 7 және одан да ескі нұсқаларына әсер етеді. 
 
Айта кету керек, компания осы операциялық жүйелердің дамуымен айналыспағандықтан, кейбір функциялар кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. 

ktk.kz