Шымкентте13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды  ktk.kz 

Жасы кәмелетке толмаған 13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 30-дағы жігіт құрықталды. Күдікті 1988 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты, бұрын сотталмаған. Бұл оқиға өткен жылдың тамыз айының соңында болды. 2005 жылы туған жасөспірім қыз балаға зорлық жасады деп күдіктелуде.

 Желтоқсан айында құрықталған күдіктіге қатысты Шымкент қалалық  мамандандырылған тергеу  сотының  санкциясы беріліп, екі ай мерзімге қамалған.