Қарағандыдағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гурурян үндеу жасады деп хабарлайды "Stan.kz".

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасындағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гуруряннің сөзі мынадай:

“Мен Нарек Гурурян, 1997 жылдың 30 наурызында тудым. Біріншіден, қара жамылған отбасына көңіл айтам. Мен ешкімді өлтірген жоқпын. «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске қатыстым, бірақ ешкімді өлтірген жоқпын.

Қазақстан Республикасының билігіне берілгім келеді. Биліктен ашық тергеу жүргізіп, маған қауіпсіздік жасалуын сұраймын. Өз ісім үшін жауап беруге дайынмын. Бірақ біреудің қылмысын өз мойныма алғым келмейді. Мен адам өлтіруші емеспін”, – дейді Нарек Гурурян.

Еске сала кетсек,  1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Бүгінде 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тағы бір күдіктіге республикалық іздеу жарияланған болады.