Польшаның Каменна-Гура қаласының тұрғыны қайтыс болып мәйітханаға жеткізіледі. Алайда ол мәйітханада оянып мекеме қызметкерлерінен көрпе сұраған.
Жүргіншілер дәрігер шақыртады. Дәрігерлер Камильдің жүрегі тоқтаған деген қортынды жасаған.
Оған жансақтау бөлімінде көмек көрсетілмей, бірден мәйітханаға жіберіледі.
Бірнеше уақыт өткен соң мәйітхананың тоңазытылған бөлімінде күзетші әлдебір шуды естіп қалады. Ол есікті ашқанда көрпе сұраған жас жігітті көреді.
Медициналық тексеруден соң жігітке заттары мен киімдерін қайтарып береді.
Өзінің аман қалғанын атап өтпек болған жігіт қайтадан ішімдік ішкен жеріне қарай кетіпті.
Дереккөз: Massaget.kz