Талғарда шілденің 2-нен 3-не қараған түні белгісіз ер адам 30-дағы әйелге бас салған. 

Шыңғырған дауысты естігендер дереу полицияға хабар берген. Қашып кетуге тырысқан күдікті тұтқындалды.

Талғарда 30 жастағы әйелді көшеде зорламақ болған адамды куәгерлер полицейлерге ұстап беруге көмектескен, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талғарда шілденің 2-нен 3-не қараған түні белгісіз ер адам 30-дағы әйелге бас салған. Шыңғырған дауысты естігендер дереу полицияға хабар берген. Қашып кетуге тырысқан күдікті тұтқындалды, деп жазады  sn.kz 

«Ол 44 жастағы жергілікті тұрғын боп шықты. Қала мен ауылға такси боп қатынайды екен. Қазір зорлауға әрекеттену бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Талғар аудандық полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Сондай-ақ дәл осы күні Талғар ауданынан 19 жастағы қызды зорламақ болған 1991 жылғы ер адам да ұсталған. Бұрын да қылмыс жасағаны анықталған күдіктінің үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.