Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерді қылмыстық жауапқа тарту керек.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деп мәлімдеді. «Көлік жүргізу құқынан айырылған кейбір жүргізушілер заңға бағынбай жатады. Сондықтан құжатсыз көлік тізгіндейтіндерге жазаны күшейтуді ұсынамын.

Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырады», - дейді Тұрғымбаев.  Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер көлік тізгіндеген жағдайда, 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ендігі бұл сома 50 мың теңгеге дейін жетуі ықтимал. Себебі елімізде жол ережесін ескермей, көлікті құжатсыз жүргізетіндер көбейіпті. Олардың дені рөлге мас күйінде отыратын көрінеді. Осы себепті ішімдік ішкен күйінде екінші рет көлік тізгіндегендерге қатысты жазаны да күшейту ұсынылуда. Министр мұндай жүргізушілерді қылмыстық жазаға тарту керектігін айтты. 

Дереккөз:Ktk.kz