Кәсіпорынның табысы артқан сайын қызметкерлердің жалақысы да өсуі керек. Бүгін Нұр-Сұлтанда шетелдік инвесторлардың кеңесін өткізген президент жұмысшылардың еңбегін ескеріп, құқығын қорғауға шақырды. 


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

- Әркімге еңбегіне сай жалақы төлеу – әлеуметтік жауапкершіліктің негізі. Отандық қана емес, елімізде жұмыс істейтін шетелдік ірі компаниялар да осыны ескеруі керек.

Табысты халыққа бөлу - бұл мемлекеттің де негізгі міндеті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік экономикаға ықпалын жүргізіп отырған инвесторларды елімізге қаржы құйып, пайда табуға шақырды.

Әсіресе, білім саласына инветиция қажет дейді президент. Айтуынша, осы арқылы колледж, университеттерде білім деңгейін арттыруға болады. Осы жерде Тоқаев, Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың байланысын арттыруды тапсырды.

Сөйтіп, студенттерді зауыт, фабрикалар мен ірі корпорацияларда тәжірибеден өткізу керек дейді мемлекет басшысы. Соңғы үш жылда осылай 12 мың студент білім алып, жұмысқа орналасқан.

Дереккөз :ktk.kz