Атырауда кісі өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды.

Тергеу кезінде анықталғандай, ер адам «Береке» шағынауданында Өзбекстан азаматшасымен бірге тұрып жатқан. «Ішіп алған кезінде екеуі ұрсып қалып, еркек әйелді пышақпен бауыздап тастаған.

Арада екі тәулік өткенде ол келіншектің денесін көлігінің жүксалғышына салып, қала сыртындағы зиратқа апарған да, молалардың арасына тастап кеткен. Сот күдіктіні кінәлі деп танып, 11 жылға соттау жөнінде үкім кесті. Қылмыскер жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Дереккөз:  : ҚазАқпарат