Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды Екі ересек адам мен екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты Алматыдағы үлкен Алматы каналы бойында Өтемісұлы көшесінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан Nissan Audi көлігінің бүйіріне соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық Audi арықтан ұшып кеткен. Ал Nissan көлденеңнен көшенің қақ ортасына түсті. Апат салдарынан төрт адам: Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталады.



Дереккөз: Sputnik