Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы өз үйінің қорасында суицид жасады. Ол асылып қалған екен. 

 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, оқиға 27 қазанда Ембі қаласында орын алған. Қайғылы жағдайдан кейін бәрінің төбесіне жай түскендей болған. 

Марқұм оқыған мектептегілердің сөзінше, оқиға кезінде балалар демалыста болған. 

Білім беру мекемесіндегілер оқушылардың барлығымен психолгтар жұмыс істейтінін айтты. Алайда жеткіншектің өлімінің алдында өзін қалай ұстағаны туралы айтқысы келмеді. 

Сонымен қатар аудандық білім бөліміндегілер де тіс жарғысы келмеді. Олар тек қазіргі уақытта жеткіншектің туыстарымен мамандардың жұмыс істеп жатқанын айтты. Ал полиция оқушының неліктен өзіне қол жұмсағанын анықтап жатыр. Салалық ведомстводағылар мұндай жағдайға қатысты әлдене деудің өзі де қиын екенін жеткізді.

«Бұл жағдай жақындарының жанына батып отыр», - дейді білім бөліміндегілер. 

Журналистер анықтағандай, оқушы отбасының тұңғышы болған. Оның 4 інісі мен қарындасы бар.