Шымкент Шымкентте егде тартқан кейуананы туған қыздары мен күйеу баласы сабап тастаған. Туған анасына қол көтеруге баспана дауы себеп болған. Өз үйін өзінен қызғанған ет жақындары 71 жастағы әжейді тепкілеп тастапты.



Алтынкүл Асқарова,  жәбірленуші: - Ержан қатты сүйреді. Анау біреу бала болса, жаңағы Мырзабай, ол да жанында жүр ғой. Ол да бір жағынан сүйреп жатыр. Мен бүйтіп еңкейіп жатырмын. Сүйреп жатыр. Бір қарасам екі қыз теуіп, ұрып, еңкейсем шашымнан тартып жұлып жатыр, анау Нағима.

Не істеймін мен енді?  Төртеуі маған жабылып жатыр. Зіңгіттей күйеу балалары мен қыздары анасының бірнеше жерін жарақаттаған.

Қолы қанап, етегі жасқа толған зейнеткерді өзінің тағы бір қызы түсіріп алыпты. Жеті құрсақ көтерген әжей отағасы қайтыс болған соң даңғарадай үйде жалғыз тұрған. Кейін кенжесі күйеуімен көшіп келген соң, көп ұзамай қызы көз жұмады. Осыдан кейін күйеу баласы басқа бажалары және қыздарымен ақылдасып, қарияны өз үйінен қуып шықпақшы болыпты. Желтоқсан айында болған жанжалды Еркін Қахаров есімді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Енді бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

Дереккөз : ktk.kz