Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерін Nur Otan-ның парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, сайлаудың пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  el24.kz.

"Баршаңызды "Nur Otan" партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсеттіі", - деді Назарбаев.

 

Ол сайлаудың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

"Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы – жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды", – деді елбасы.

"Nur Otan" партиясының төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін айтты.

" Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

" Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және тек жақсылық тілеймін. Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Партия қатары жаңарды. Халық арасында беделі биік жаңа көшбасшыларымыз бар. Әр ауданның, қаланың, облыстың дамуы үшін халықтық бағдарламалар әзірленді", – деді партия төрағасы.

Елбасы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы Бес институционалдық реформаның, соның ішінде Мемлекет басшысының халыққа жолдауында берген тапсырмаларының жалғасы екенін айтты.

"Nur Otan"партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен құттықтаймын, – деді елбасы.