«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 22 ақпан күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Қаз.Ақпарат.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Павлодар, Қызылорда, түнде Нұр-Сұлтан қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.