ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облыс Байзақ ауданындағы төтенше оқиға бойынша сағат 13:00-дегі жағдай туралы жедел деректерді мәлім етті.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда.

Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Төтенше жағдайды жоюға - ТЖМ-153 қызметкер, 46 техника, - ДП-400 қызметкер, 54 техника, - №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 техника, - №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 техника жұмылдырылды. Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте.