ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елдеріне қайта бастайды.

"Тұтастай алғанда, жіті фаза контртеррористік операция өткізілді.

Барлық өңірдегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарылады. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды", - деді Президент.  Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысына Президент қатысып жатыр. Тоқаев отырысқа видеобайланыс арқылы қатысып отыр. 

Дереккөз : tengrinews.kz