Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде облыста 8 сәби дүниеге келді. Оның төртеуі ұл, төртеуі қыз бала.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің денсаулығы жақсы. Мереке күні сәбиін қолына алған ананың бірі — Гүлдана Байханова.
—  31 желтоқсан күні түнде толғағым қысып, перзентханаға түстім. Сол түні аман-есен қыз бала босандым. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге ризамын. Бұл менің төртінші нәрестем, — деді Гүлдана Байханова.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бүгінгі күнге дейін 23045-тен астам сәби дүниеге келген- деп хабарлайды el24.kz ақпараттық портал тілшісі , Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.