Әлішер Өмірзақ ҚР Сауда және интеграция министрі қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әлішер Өмірзақ 1998 жылы Жамбыл облысы Луговой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін филология мамандығы бойынша тәмамдаған.  Ақпарат саласындағы қызметін республикалық «Астана» телеарнасында тілші болып бастады.

Кейіннен кешкі жаңалықтар жүргізушісі атанды. Президенттік пул журналистері қатарында болған. Сондай-ақ «Radio N-S» және «Orda FM» радиосында диктор болып жұмыс істеді.  Баспасөз саласындағы қызметін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде бастады. ҚР ЭГТРМ баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

ktk.kz