tengrinews.kz фотосы

 el24.kz  Астана қаласында Шерзат Болаттың қайтыс болуына қатысты аппеляциялық сот отырысы өтіп, алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалды. 

Аппеляциялық сот процесі барысында қорғаушы тараптың өтініштері мен сұраулары қаралды, бірақ сот шешімін қайта қарау туралы өтініш қанағаттандырылған жоқ. Сот алғашқы шешімнің дұрыс екендігін атап өтіп, үкімнің күшін сақтап қалды.

Сонымен қатар, Апелляциялық алқа сотталғандардан түскен 8 өтінішті және қылмыс орнында болған және іс бойынша куәгер болған екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты екі жеке қаулыны қарады. Дана амен Эльмираға қатысты шығарылған қаулы да өзгеріссіз қалды.