Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, бір отбасы мүшелерінің денелері 2 ақпан күні Талдықорған қаласы Еңбек ауылында табылды. 


«Бір отбасынан 4 адамның жансыз денелерін жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласында орналасқан уақытша тұруға арналған үйшіктен тапқан.

Екі ересек адам – 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған балалары мерт болды», - деп мәлім етті ведомстводан.  Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының барлық мүшесі 2-3 күн бұрын көз жұмған.  «Өлім себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді облыстық ТЖД-дан.

Дереккөз : ktk.kz